Көпшілік ортада кекештеніп сөйлеуден қалай арыламыз?

Автор: редактор 27 Наурыз, 2023


Кекештік (тұтығу) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. ❌ Өз кезегінде, бұл процесс тіл бұлшықетінің тартылып қалуынан болады.


Егер кекештіктен тезірек арыламын десеңіз, төмендегі кеңестерді қажетіңізге жаратыңыз!⬇️⬇️⬇️

☑️ Тіліңізде мүкістік барын байқаған бойда оған қолайлы жағдай жасап, назарыңызды кекештікке аудармауға тырысыңыз. Кей жағдайда өз ортаңызды ауыстырған кезде кекештеніп сөйлеуді қойып кетесіз;

☑️ Өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз. Бұл кекештеніп сөйлеуді түбегейлі жоюдың бірден бір жолы;

☑️ Кекештеніп сөйлейтін жандар сөздің қарқынын бұзбай, демін ішке тартып сөйлеуге машықтануы керек.

Әрі жаныңыздағы адамдармен түрлі тақырыптарда жиі сөйлесіп, пікір алмасудың маңызы зор;

☑️ Сонымен бірге екінші тарап әңгіме барысында сіз кекештеніп сөйлейтін сөздерді көбірек қолданатындай етіп сұрақ қойып отырған дұрыс;

🔴 Негізінен, тұтығуды жоюдың ұтымды жолы – тұтығатын адам мен мамандардың бірге талаптанып жүйелі, тиянақты түрде мейлінше ұзақ жұмыс жасауы. Мұндай бірлескен мақсатты жұмыстың нәтижесі тұтықпаны жоюға оптимистік тұрғыдан қарауға мұрындық болады.


Читайте также

редактор 10 Желтоқсан, 2023