Көпшілік ортада ұтымдылық беретін “ККС” әдісі

Автор: редактор 14 Қыркүйек, 2022


Джон Рокфеллер «Адамдармен тіл табыса білу өнерін қант пен кофе сияқты сатылатын тауарға теңеуге болады. Осы қабілетті дамыту үшін мен жер бетіндегі кез келген нәрседен көбірек ақшаны осыған жұмсар едім» деген еді.

Ендеше көпшіліктің көзі сізде болып, адамдармен тез тіл табысамын десеңіз, мына әдісті қолданып көріңіз.

✔️ККС әдісі. ККС – Көз жүгірту – Кідіріс жасау – Сөйлеу.

Яғни, көпшіліктің алдына шыққаннан кейін бірден сөзді бастамау керек.

Бірінші, аудиторияға өзіңіздің сахнада тұрғаныңызды білдіріңіз. Бір минут аралығында адамдарға көз жүгіртіп, осы кезде ойыңызды жинақтап үлгеріңіз.

✔️Сөйлеу барысында адамдардың назарын өзіңізге аударту үшін оларға сұрақ қойып, тақырып аясындағы пікірлерін біліңіз!

✔️Кез келген келіссөз бен мәміледе оң нәтижеге қол жеткізу үшін қос тарап үшін ұтымды болатын шешім қабылдау.

Яғни, әрқашан өзгелер үшін пайдалы контент ұсыну. Сонымен бірге жаныңыздағы адамның өзіндік болмысын анықтайтын жеке қасиеттерін анықтап, әрдайым оның есіне салып отырыңыз!

✔️Адамдарға сын айтудан сақтаныңыз! Олардың пікірі сіздің ойыңызбен сәйкес келмеген жағдайда да жаныңыздағыларға сыйластық танытыңыз!

✔️Кез келген адамға түсіністік танытып, соның жағдайына түсу (эмпатия).

Мәселен, келеңсіздік туындаған жағдайда жауапты адамды әңгіме тартып, болған оқиғаны сүзгіден өткізу. Соңынан шешім қабылдау. Осылайша сіз оң нәтижеге қол жеткізесіз.