Кайдзен әдісі бойынша уақытты қалай жоспарлауды білесің бе?

Автор: редактор 07 марта, 2022


📌Кайдзен өмірдің барлық саласын дамытуға бағытталған. Әлемге әйгілі Toyota компаниясының Екінші дүниежүзілік соғыстан соң үлкен жетістікке жетуі — осы жүйемен тікелей байланысты. Кейін 1990 жылы кәсіпорындардың басым көпшілігі Жапониядан үлгі алу мақсатында аталмыш әдістің ығына жығылды.

📌Бүгінде кайдзенді практикада қолданып жүрген компаниялар мен жастардың қатары аз емес.

📌Кайдзен адамдарға асықпай, бірақ тұрақты түрде дамуды үйретеді. Жапонияның әйгілі жоспарлау әдісінің мақсаты – үздіксіз даму және күнделікті алға жылжып отыру. Осылайша, кішкентай қадамдармен, үлкен нәтижеге қол жеткізу.

📌Кайдзен бойынша уақытты басқару өте тиімді. Себебі сіз белгіленген жоспар бойынша уақытты дұрыс белгілеуді үйренесіз. Осы арқылы көптен бері қалып қойған жұмыстарыңыз алға жылжиды.

✔️Масааки Имаи «Кайдзен: жапондық компаниялардың жетістікке жету кілті» атты кітабында уақытты тиімді басқаруға арналған бір минут принципін ұсынады. Ендеше толығырақ тарқатып айтайық.

✔️1 минут ішінде жасауыңыз қажет аз да емес, көп те емес тапсырмаларды жазыңыз. Мысалы, кейде сізге жүктелген тапсырмаларды бір күн немесе жарты сағат істеп отыру қиындық тудырады. Ал кайдзен бойынша тапсырма қаншалықты ауыр әрі жағымсыз болсын, оны тек 1 минут отырып орындайсыз. Себебі бұл уақытқа шыдайсыз және жалығып кетпейсіз.

✔️Осылайша күн сайын сізге қиын болып көрінетін кез келген іске бір минутыңызды арнайсыз. Мәселен, кітап оқу, шет тілін үйрену, сурет салу. Бұдан кейін сылтау айтуды доғарасыз және жалқаулыққа жол бермейсіз.

✔️Жасаған ісіңізден рахаттана бастайсыз. Өз-өзіңізді кінәламайтын болксыз әрі бойыңыздағы қорқыныш сезімін жоясыз.

✔️Бұл әдіске үйреніскеннен кейін ақырындап уақытты 5-10 минутқа ұзарта беруіңізге болады.

Кайдзеннің 5S қағидасы✅

🟢1S: Sort (cұрыптау) – Кез келген тапсырманы мұқият орындау қажеттілігі ескеріледі.

🟢2S: Straighten (реттілік) – бұл жүйе кез келген заттың өз орнында болуына мән береді. Тек жұмыста ғана емес, өмірде де солай болуы шарт.

🟢3S: Shine (Тазалық) – тазалау жұмыстары тек жұмыс орнында ғана емес, адамның сыртқы келбеті, ойы мен айналасында жүруі тиіс.

🟢4S: Standardize (стандартизация) – жетістікке алып келетін стратегияны қалыптастыру.

🟢5S: Sustain (тәртіп) – жоспар бойынша әрекет ету, белгіленген кестені ешқашан бұзбау.