Кайдзен әдісімен мақсатыңа қалай жетуге болады?

Автор: редактор 17 октября, 2022


Кайдзен адамдарға асықпай, бірақ тұрақты түрде дамуды үйретеді. Ал тұрақтылық бар жерде мақсатыңа жету оңай. Қазақтың “Тамшы тама берсе, тас жарады” деген ой саларлық мақалы осы тұрақтылық ұғымына дәл айтылғандай. Яғни, бір салада жетістікке жету үшін оны үздіксіз, тұрақты түрде қайталап отыру қажет.

Жапонияның әйгілі жоспарлау әдісінің мақсаты – үздіксіз даму және күнделікті алға жылжып отыру. Осылайша, кішкентай қадамдармен, үлкен нәтижеге қол жеткізу.

📌Кайдзен бойынша жалқаулықты жеңіп, жетістікке жету өте тиімді. Себебі сіз белгіленген жоспар бойынша ең алдымен уақытты дұрыс белгілеуді үйренесіз. Осы арқылы көптен бері қорқып, кейінге шегеріп жүрген жұмыстарыңыз алға жылжиды.

◾️ Масааки Имаи «Кайдзен: жапондық компаниялардың жетістікке жету кілті» атты кітабында бір минут принципін ерекше атап өтеді.

✔️Нақтырақ айтсақ, 1 минут ішінде жасауыңыз қажет аз да емес, көп те емес тапсырмаларды жазыңыз. Мысалы, кейде сізге жүктелген тапсырмаларды бір күн немесе жарты сағат істеп отыру қиындық тудыруы мүмкін немесе жалқаулық ұстап қалады. Мұндай кезде кайдзен әдісін қолдану ыңғайлы. Яғни, тапсырма қаншалықты ауыр әрі жағымсыз болсын, оны тек 1 минут отырып орындайсыз. Себебі 60 секундқа шыдайсыз және жалығып кетпейсіз. Сонымен қатар уақыттың қалай өткенін байқамай да қаласыз.

✔️Осылайша күн сайын сізге қиын болып көрінетін кез келген іске бір минутыңызды арнайсыз. Мәселен, кітап оқу, шет тілін үйрену, сурет салу. Бұдан кейін сылтау айтуды доғарасыз және жалқаулыққа жол бермейсіз.

✔️Жасаған ісіңізден рахаттана бастайсыз. Өз-өзіңізді кінәламайсыз әрі бойыңыздағы қорқыныш сезімін жоясыз.

✔️ Уақытты тиімді басқаруды үйренесіз әрі өзіңізді күн сайын кінәламайтын боласыз.

✔️Бұл әдіске үйренгеннен кейін ақырындап уақытты 5-10 минутқа ұзарта беруіңізге болады.