Камера алдында еркін сөйлеудің ең тиімді 4 тәсілі🔥 

Автор: редактор 29 июня, 2022


📌 Көбіміз камера алдына еш дайындықсыз шығып жатамыз. Бұл сырт көзге бірден байқалады. Себебі адамдар ұйықтатын дауыс пен оятатын дауысты ажырата алады.

📌 Есіңізде болсын, сөздің жүйелі болуымен қатар, оның әуезді, құлаққа жағымды болғаны жөн. Адамдарды тыңдата алу үшін даусыңыздың ауқымын кеңейтіп, дауысқа арналған жаттығуларды жасағаныңыз дұрыс.

Ал ендеше назарларыңызға аталмыш жаттығуларды ұсынамын.

📷 Мәтіннің кез келген 2-3 жолын алып бастапқыда жоғары дауыспен, екінші рет ақырын дауыспен оқисыз. Содан соң өзіңізге ыңғайлы орта тонға ауысып, әдеттегі дауыс ырғағымен оқып шығасыз. Осылайша процессті бірнеше рет қайталайсыз. Яғни, жоғарғы тоннан, төменнгі тонға, төменгі тоннан орта тонға ауысып отырасыз. Күніне 3 рет жаттығып отырғаныңыз жөн.

📷 Мазмұндау. Кез келген тақырыптағы бір мақаланы таңдап алыңыз. Енді аталмыш мақаланы 3-4 жолдан бөліп оқып, мазмұнын айтасыз. Дәл осылай күніне бір мақаланы алып, талдап шығасыз.

📷 Өзіңізге ұнайтын журналистің немесе блогердің видеосын көріңіз. Яғни, 30 секундын тыңдап, видеоның даусын өшіріп қоясыз. Осылайша импровизацияға салып, өз сөзіңізбен жалғастырып баяндайсыз.

📷 Камера алдында өз бетіңізше бірнеше рет видео түсіріңіз. Дегенмен түсірілген видеоларды көрмей, өшіріп тастаңыз. Камера алдында етіңіз үйреніп, өзіңізді еркін сезіне бастаған жағдайда ғана көруіңізге болады.
Ендеше әзірге көрсетілген 4 жаттығуды тұрақты түрде қайталап жасап тұрыңыз. Жалғасын келесі постта ұсынамын.