🔍Бұл университеттердің ерекшеліктері көп. Атап айтатын болсақ, практикалық бағыт, қаржыландырудың жоғары деңгейі және заманауи жабдықтар қатар қарастырылған. Елдегі жоғары білім беру жүйесі біркелкі емес. Сондықтан Канаданың аумақтарына сәйкес келетін 13 түрлі жүйе туралы айтуға болады. Университеттер қойылатын талаптарына, оқыту тіліне және бағдарламалардың ұзақтығына байланысты ерекшеленеді.
📌Талапкерлерге қойылатын талаптар таңдаған ЖОО-на байланысты әртүрлі болып келеді. Әдетте, шетелдік үміткерлер колледжге немесе университетке 11-12 жылдық мектепті бітіргеннен кейін өтініш бере алады. (Квебек провинциясын қоспағанда, 11 жылдық білім туралы куәлік жергілікті университетке түсу үшін жеткіліксіз).
📌 Канада жоғары оқу орындары студенттерді 17-18 жастан бастап қабылдайды. Аттестат пен дипломның аударылған нұсқасы жеткіліксіз. Сонымен қатар тілді жақсы меңгергендігіңді көрсету қажет. Ағылшын тілінде оқу үшін талапкер TOEFL немесе IELTS тест нәтижелерін ұсынады. Ал француз тілді университеттер француз тілінен DELF / DALF емтиханын тапсыру қажет.