Кеңес дәуіріндегі қазақтың кино жұлдыз актрисалары кімдер?

Автор: редактор 16 Наурыз, 2023


📍Қай заманда болмасын актрисалар әсемдіктің нышаны болып, мыңдаған табынушылар арасында мінсіз сұлулық иесі атанды.

Бүгін біз қазақтың сұлу актирасаларына тоқталамыз.

✔️ Ендеше Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең атақты кино жұлдыздары кімдер? Толығырақ мақаламызда.

💎 Меруерт Өтекешева – «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған. Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков экранға алып шыққан ғашықтық хикаясы көрермендер жүрегінен ерекше орын алды.

💎 Торғын Тасыбекова – Кеңес дәуіріндегі ең танымал актрисалардың бірі. Сонымен қатар Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі. Ол «Ән қанаты» фильмінде сомдаған Сәбираның рөлімен көпшілікке танымал болды. Ал бұл Қазақстан киносының алтын қорына енген айшықты образдардың бірі.

💎 Баян Әділова – «Алдар көсе» картинасындағы рөлімен есте қалды. Кино режиссері – Шәкен Айманов.

💎 Шолпан Алтайбаева – Қазақ кинематографының жұлдызы. Ол бірнеше рөлді сомдау арқылы танымал болды. Осылайша сұлулықтың символына айналды. Ең танымал фильмдері: «Ата-бабалар жері», «Ән қанаты», «Тақиялы періште».

💎 Гүлфайруз Ысмайылова – танымал суретші. Алайда ол бірнеше фильмге түсіп, отандық кинематографқа үлкен үлес қосып, тарихта есімі қалды.

💎 Абдола Қарсақбаевтың «Даладағы қуғын» (1979 жыл) фильмінде Айгерім есімді жас қыздың рөлі Гүлнара Досматованың актрисалық мансабындағы алғашқы баспалдақ болды. «Тоғысқан тағдырлар» және «Қара шегіртке» телехикаяларындағы бейнесін көрермен жылы қабылдады.

💎 Раиса Мұхамедиярова – «Менің атым Қожа» фильміндегі сүйкімді мұғалима болып көптің есінде қалды. Театр және кино актрисасы сұлулығының арқасында халықтың қошеметіне бөленді.

💎 Данагүл Темірсұлтанова «Асу» фильмінен соң танымал жұлдызға айналды. Дарынды актриса Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасында алуан туралы әйел бейнесін сомдады.