Кез келген мәселені «5 неге» әдісі арқылы қалай шешуге болады?
🟢 Қандай да бір мәселенің шешімін таппай жүрсіз бе? Олай болса, мәселенің себеп-салдарын табуда қолданылатын – «5 НЕГЕ?» ережесін қолданып, оның шешімін табыңыз.
📌 Аталмыш әдістің авторы – Toyota компаниясының негізін қалаушы Сакити Тойода. Ол «Мен компанияда туындаған кез келген мәселені бес рет «неге?» деген сұрақты қою арқылы шешетінмін. Бұл маған барлық кезде көмектескен. Сіз де бес рет «неге?» деген сұраққа жауап беру арқылы мәселеңіздің түп төркінін анықтап, одан құтылу үшін нақты нені істеу керек екенін, не нәрсеге басты назар аудару қажеттігін түсіне аласыз» дейді.
Мысалы, сіз соңғы уақытта жалқаулыққа салынып жүрсіз делік.
📍1-сұрақ. Неге İPhone-ның жаңа моделін сатып алғыңыз келеді?
Себебі бәріне мақтанғым келеді.
📍2-сұрақ: Неге бәрін таңғалдырғың келеді?
Себебі маған бәрінің тамсанып, қызғанып қарағанын қалаймын.
📍3-сұрақ. Неге мен өзгенің тамсанғаның қалаймын?
Себебі мен өзіме сенбеймін. Әрдайым өзгенің пікірі маңызды болып тұрады.
📍4-сұрақ. Неге сен үшін өзгенің пікірі маңызды?
Себебі мен әлі толық қалыптаспадым. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмеймін.
📍5-сұрақ. Неге сен өзіңді тұлға ретінде қалыптастыра алмай жүрсің?
Себебі мен өзіме не керегін білмеймін. Істеп жүрген ісім өзіме ұнамайды.
📌Мәселенің негізгі себебі табылды. Ол – өзіңе ұнамайтын іспен шұғылданып жүруің. Шешімі – жан қалауың қалайтын жұмысты табуың.
Міне, «5 НЕГЕ?» ережесінің ерекшелігі осында. Мәселенің басты себебі 5-ші сұрақтан соң анықталады. Осыны есте ұстаңыз.
Ал сіздің дәл қазір басты мәселеңіз қайсы? «5 неге?» ережесімен себебін анықтаңыз.