Кез келген тілді оңай меңгерудің ең тиімді 3 жолы

Автор: редактор 11 мая, 2022


Мәселен, мақсат — ағылшын тілін меңгеру болса, төменде берілген кеңеске көз жүгіртіп шық. Аталмыш әдістерді кез келген тілді үйрену кезінде қолдануға болады.

🖍 Ағылшын тілін күнделікті практикада қолдану.

🪧 Бөлмеңе арнайы бір тақта қойып, ағылшын тіліндегі сөздерді жазып қой. Әр кірген сайын сол сөздерге көзің түсіп, нәтижесінде санада мықтап сақталып қалады.

📲 Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен телефоныңдағы қосымшаларды ағылшын тіліне ауыстырып қойғаның жөн. Бұл әдіс арқылы көзің, қолың, миың жаттығады. Мәселен, оны қолдану барысында түсінбеген сөзіңді арнайы сөздіктен іздеп, тауып, тақтаға жазып қой. Осылайша көптеген сөзді жаттап алуға мүмкіндік аласың.

🖍 Достарыңмен байланысқа түскен кезде ағылшын тілін араластырып сөйле.

🧍🏻‍♀️🧍🏻 Әлеуметтік желілерде досыңмен бір күні қазақ тілінде, екінші күні ағылшын тілінде сөйлесіп көр. Бір-біріңнің қателеріңді түзеп, тілді дамытуда үлкен жетістікке жете аласың. Бұл тәсілді пайдалану үшін сөздік қорыңды да күн сайын дамытып отыруың қажет.

🖍 Ағылшын тілінде ән салу, ертегі оқу, аудио тыңдау.

🎧 Ағылшын тіліндегі әндер мен ертегілерді көбірек тыңдауды әдетке айналдыр. Ән құлағыңда жатталып қалады және ән салу барысында әуеніне келтіруде қиындық туындамайды. Ал сол әндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару сөздік қорды дамытудың үздік жолы.
Көшпенді қазақ салықтың қандай түрлерін пайдаланды?
🔗 Қазақстан аумағында жүздеген жылдар бойы өзіндік салық салу жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе бір жағынан өзіндік салт-дәстүрге, тарихи тәжірибеге сай дамыса, екінші жағынан сыртқы мемлекеттердің әсерінен де дамыды.

🖇 Табиғаттың қатал болуы, қуаңшылық жағдайлар, жауынның, су қорларының аз болуы қазақ халқы үшін көшпенділік мал шаруашылығымен айналысуға алып келді. Көшпенді рулар мен одақтардың хандары мен билері, сұлтандары жайылымдық жерлерде иелік орнатты. Бұл жөнінде А. Левшин былай деп жазады: Қырғыздардың ұлылықтары халықтан төлемдерді мал түрінде және зат ретінде ешқандай белгіленген тәртіпсіз жағдайларда алып тұрды.

🖇 Қазақтардан салық алу тәртібін қалыптастыру XVII ғасырға тән болды. Сол кезде Тәуке ханға міндетті салық төлеу, нақтырақ айтсақ мал шщаруашылығымен айналысатын аймақтарда малдың 120 бөлігін, егіншілкпен айналысатын аймақтарда егіннің 110 бөлігін төлеу іске асырылды.

🖇 Ішкі Ордада феодалдық төлемнің жүйесі сөгіле, зекет, хан-киіз, пішен салық түрінде қалыптасты. Соғымды әрбір 15 сиырдан біреуін алатын еді. Сөйтіп хан бір жылда соғым ретінде 800-1000 басқа дейін ірі қара алып тұрды. Хан табысының негізгі көзі зекет болды, одан 1849 жылы ғана ақша түрінде шаққанда 45746 сом күміс түсіп отырды. Хан қазынасына шаруалардың дайындаған шөбі мен мал өнімдерінің бір бөлігі алынып отырды.

🔗 Көшпенділіктен отырықщылыққа ауысу кезінде егіншілікпен айналысатын түземдердің жерлерінен егін көлемінің 110 мөлшерінде жер салығы алынды.