Кітап оқығанда жіберетін ТОП-3 қателік 

Автор: редактор 08 Қыркүйек, 2022


Кітап оқығанда жіберетін ТОП-3 қателік

1️⃣ Кітаптың авторы жайлы мағлұмат білмеу

Кітапты оқымастан бұрын, авторы жайлы аз да болса мағлұмат білген жөн. Кітаптың қысқаша мазмұнымен танысып шығу оқу барысын жеңілдетеді. Алдын ала бұл кітаптан не күтетініңізді жазып қойыңыз. Мәселен, белгілі бір салаға қатысты кітап оқымаққа бекіндіңіз делік. Бұл кітапты оқу арқылы қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді? Ұмытпай тұрғанда сұрағыңызды қойын дәптерге түртіп қойыңыз. Осындай мақсатты әрекеттер таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, кітап мазмұнын көпке дейін есте сақтауға көмектеседі.

2️⃣ Күнделікті жүйенің болмауы

Күніне 30 бет оқып отыруды әдетке айналдырыңыз. Әр адамның өз оқу жылдамдығы бар. Біреулер бір кітапты айлап оқыса, енді біреулерге бір кітапты аяқтау үшін бір апта немесе санаулы күндер жеткілікті. Сіз өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз. Десе де, ең тиімдісі – күніне 30 бет оқу. Бұл үшін әрі кетсе 1 сағатыңыз кетер. Осылайша, сіз бір кітапты бір аптада бітіретіндердің қатарына барып қосыласыз. Яғни бір жылда 60 кітапты оп-оңай бітіріп тастайсыз деген сөз.

3️⃣ Таймер пайдаланбау

📌Кітап оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз. Секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексерген дұрыс. Егер нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет. Адам өзің осылай тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді.ю

Ал сіз қандай қателік жіберіп жүрсіз?)