📚 Әйелдер қауымы ер адамдарға қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады.
📍Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады.
📍Ғылымда кітап ұрлайтындарды библиоклептоман деп атайды. Дүниедегі ең атақты библиоклептоман – Стивен Блумерг . Ол 270 кітапханадан 23 мыңға жуық таңдаулы шедевр кітаптарды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн долларды құрайды.
📍Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» («Deutsches Wortetbuch»). Мұны Якоб ва Вильгельм Гримм 1854 жылдан бастап құрастыра бастаған.
Кейіннен сөздікті құрастыруға көптеген ғалымдар жұмылдырылады. Сөйтіп, 1971 жылы сөздік жазылып бітеді. 33 томдық бұл сөздік — 34519 беттен тұрады.
📍Әлемдегі ең қымбат кітап – «Лестер кодексі» деп аталатын Леонардо да Винчидың ғылыми трактаты.
«Жер, су, аспан денелері» туралы жазылған бұл ғылыми туындының бүгінгі иесі — Билл Гейтс. Жиырма төрт миллион тұратын кітапты тек айна арқылы оқуға болады. Себебі кітап кері басылған.
📍Оқырмандардың көпшілігі кітаптың 18-ші бетіне келгенде-ақ қызығушылықтарын жоғалтады екен.
Ал сен кітап туралы қандай қызықты мәліметтерді білесің? Бөлісе отыр.