Кітапты жылдам оқуға арналған ТОП-3 жаттығу

Автор: редактор 26 сентября, 2022


Кітапты жылдам оқуға арналған ТОП-3 жаттығу

📖 Кітап оқу барысында, адамның бойында ерекше өзгерістер байқалады. Тарихта кітапты жылдам оқумен ерекшеленген тұлғалар аз емес. Жылдам оқу әдісін дамыту арқылы адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін.

📍Мәселен, тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Солардың бірі — Наполеон Бонопарт. Ол өзінің көшбасшылығымен ғана емес, оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған. Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.

📌Ендеше назарларыңызға жылдам оқуға арналған бірнеше жаттығуды ұсынамыз.

📌Жылдам оқу дағдыларын дамытуға және оқытуға арналған кейбір пайдалы кеңестер:

🟢 1-жаттығу. Бұл жаттығу жұппен орындалады. Біріншісі кітапты ашады, сөз тауып, кітапты басқасына береді. Екінші адам дұрыс сөзді тез арада табу керек. Жаттығу сіздерге ең бастысы жылдам оқуға мүмкіндік береді.

🟢 2-жаттығу. Оқу кезінде артикуляциядан арылуға мүмкіндік беретін қызықты жылдам оқу жаттығулары бар. Мәселен, адамның миы қарапайым оқу арқылы (өзін өзі айтады), сөйлеу ақпаратын өзіне қабылдайды. Мұндай жағдайда біріншіден езуімізді жиямыз, яғни дыбыстап оқуға болмайды. Себебі, адамның ойы сөзінен 21 есеге жүйрік.

🟢 3-жаттығу. Шұғыл оқуды дамыту үшін, әр сөзге көңіл бөле білу маңызды. Сөздерді ойға салмақ салу арқылы оқуды қалыптастырыңыз. Оқу барысында үзіліс жасауға болмайды. Оқып болған соң сөйлемдерге қайта оралудың қажеті жоқ.

Жылдам оқуды тез дамыту үшін аталған кеңестерді күнде қайталап отырған абзал. Есіңізде болсын, барлығы еңбектенумен келеді. Сондықтан да оқуды, күгнделікті жаттығуларды тоқтатпаңыз