📚 Жыл сайын оқып бітіруің қажет кітаптар тізімін жазасың. Алайда кітап оқу әдісін білмегендіктен, олардың бәрін оқып бітіруге мүмкіндігің болмай жатады. Бүгінгі жазбада кітапты жылдам оқуға қатысты лайфхактармен бөлісеміз. Ендеше қажетіңе жарасын.
📌 Күнделікті өмірде оқу жылдамдығын анықтау қиын емес. Ол үшін таймерді 1 минутқа қойып, кез келген кітапты алып, қысқаша үзіндіні әдеттегі қарқынмен оқып шық. Содан соң төменде көрсетілген қарапайым есептеу жасайсың.
1️⃣-қадам: екі қатардағы таңбаларды қалдырмай санап шық.
2️⃣-қадам: Шыққан санды 2-ге бөл.
3️⃣-қадам: бір минут ішінде оқыған жолдар санын есепте.
4️⃣-қадам: орташа оқу жылдамдығыңды есептеу үшін екінші қадамдағы санды үшінші қадамнан шыққан санға көбейтіп, 60-қа бөл.
❗️Ескерте кететін жайт, бұл әдісті 3-5 рет қайталауға кеңес береміз. Сол сәтте орташа нәтижені есептеу оңай болады.
📌 Қарапайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті кейде екі-үш сөзді ғана көреді. Ал жылдам оқитын адамдар бір оқығанда отыз үш сөзді бірден көре алады.
📌 Егер кітапты баяу оқитын болсаң, онда жазылған ақпараттың тек алпыс пайызын ғана қабылдайсың. Жылдам оқысаң, сексен пайыз ақпаратты түсінуге мүмкіндік бар.
🔍 Жылдам оқудың құпиясы.
▪️ Кітапта берілген сөзге емес, ойға салмақ түсіріп оқы.
▪️ Мәтінді іштей айту әдетінен аулақ бол. Нақтырақ айтсақ, көзбен көргенді оймен оқу керек.
▪️ Таңбаларды саусақпен жүргізіп отыру қажет.
▪️ Секундомердің көмегімен, қаншалықты тез оқығаныңды тексеріп отыр.
▪️ Мүмкіндігінше көп оқуды қолға ал.