Леонардо Ди Каприо: Егер өмірде мақсатыңыз жоқ болса, онда мақсаты бар адамдарға жұмыс істейсіз

Автор: редактор 20 Наурыз, 2023


📍Леонардо Вильгельм Ди Каприо – американдық актер әрі продюсер. «Авиатор», «Қанды гауһар», «Уолл-стрит қасқыры» және «Тірілу» фильмдерімен «Ең үздік ер адам рөліне» төрт рет ұсынылды. Сонымен қатар төрт мәрте BAFTA сыйлығына және он бір рет «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды. 2016 жылы «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын, сонымен қатар «Тірілу» фильміндегі басты ролі үшін британдық BAFTA сыйлығының “Үздік ер адам” сыйлығын жеңіп алды.

📌 Өнер иесі әкесінің қолдауымен алғаш рет экран бетіне 2,5 жасында шықты. Ал 14 жасында ол актер боламын деген шешімге келеді. Сол уақыттың өзінде 30-дан аса жарнамаға түсті. «Санта Барбара» хикаясының бірнеше серияларында да эпизодтық рөлдерде ойнадя. 1994 жылы таланты мен табандылығының арқасында «Жылдам және өлі» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды.

✔️ Оны әлемге әйгілі еткен “Титаник” фильмі болды. Осы фильмдегі рөлі арқылы ол Голливудтегі жалақысы жоғары актерлердің қатарына қосылды.

✔️ Ендеше бүгін назарларыңызға танымал актердің шабыт сыйлайтын ең үздік нақыл сөздерін ұсынамыз.

🟢 Әлеуметтік желіде адамдардың маған «Оскар» беруді талап етіп жатқаны қатты толқытты. Алайда мен бұл жұмысты арнайы марапат пен жүлделер үшін емес, жүрегім қалап, шын сүйгендіктен істеп жатырмын.

🟢 Мен Африкада ұзақ уақыт болдым. Осы сәтте адамдардың қандай қиындықта өмір сүріп жатқанын көрдім. Ал үйіме оралғаннан кейін айналамдағы жандардың проблемасын естігім келмейтінін түсіндім.

🟢 Әрқашан тек шындыққа ұмтылыңыз.

🟢 Маған мектеп ұнамайды. Себебі мұнда назарыңызды үйренгіңіз келмейтін дүниелерге аударуға мәжбүрлейді.

🟢 Егер өмірде мақсатыңыз жоқ болса, онда мақсаты бар адамдарға жұмыс істеуіңізге тура келеді.

🟢 Даңқпен келген қуаныш өте жылдам өтеді. Яғни, басты марапат – көшеде әр адамның кездейсоқ тануы емес, фильмдерімнің өлгеннен кейін де естелік болып қалатыны қуантады.

🟢 Менің жетістігіме анамның көзқарасы ұнайтын. Өйткені ол кенеттен танымалдылыққа ие болған кезімде, күн сайын таңертең бөлмеме кіріп: “ Төсектен тұр, жаттығуыңды жаса, жалқаулықты доғар, ұйқышыл болма!” – деп, шабыт беретін.

🟢 Мен өз бақшамда ғана тыныштықты сеземін. Өйткені Оңтүстік Америкадағы джунглидің өзінде жанкүйерлерімді кездестірдім. Олар мені танып, камераларын шығарып, суретке түсіре бастады. Осы сәтте жер бетінде жасырынатын жер жоқ екенін түсіндім…

🟢 Менде саясатқа деген ұмтылыс жоқ. Соны көздеп жүрген адамдардың көзқарасы мені өле-өлгенше қорқытады.