🗣 Сіздің әдемі, анық әрі қысылмай сөйлеуіңіз алдымен мүсін түзулігінен басталады. Түзу мүсін адамның сымбаты мен келбеті және дұрыс денсаулықтың кепілі. Ал бірақ мүсіннің түзу болуы біздің даусымызға қалай әсер етеді?
🕺Денені дұрыс калыпта ұстау назарды аудартады және тірек қимыл аппаратының саулығын сақтауға көмектеседі. Дененің тік орналасуы омыртқа мен диафрагмаға (өкпенің дем алу және шығару кезіндегі бақылау аймағы) біркелкі жүктеме қамтамасыз етеді.
Ендеше назарларыңызға ТОП-6 жаттығуды ұсынамыз:
1️⃣-жаттығу. Иық орамы.
Иықты алдыға және артқа қарай айналдырамыз. Алдыға 15 рет, артқа 15 рет айналдырамыз.
2️⃣-жаттығу.
Қолымызды басымызға қойып, қол бүгілген күйі алдыға және артқа қарай қозғаймыз.
3️⃣-жаттығу. Қолымызды иық деңгейімен теңестіріп, созып ұстаймыз. Бұл сәттә алақан сыртқа қарайды. Осылайша, қолымызды созған күйі алдыға артқа қозғаймыз.
4️⃣-жаттығу. Тік тұрып, қолымызды төменге тастаймыз. Бұл сәтте иық төмен түсіп, жота көтеріліп тұрады. Ал алақан сыртқа қайырылып тұрады. Осылайша, иығымызды артқа тастап, басымызды артқа қарай шалқайтамыз. 30 секунд.
5️⃣-жаттығу. Тік тұрып, саусақтырымызды бір-біріне айқастырып, жоғары-төмен тастаймыз. 30 секунд.
6️⃣-жаттығу. Қолымызды иық деңгейінде көтеріп, алға және артқа қарай айналдырамыз.