Маргарет Тэтчер: Тегін ірімшік тек қақпанда болады

Автор: редактор 16 Наурыз, 2023


📌 Маргарет Хильда Тэтчер – 1979-1990 жылдар аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі. Ол осы лауазымда болған алғашқы әрі жалғыз әйел адам. Сонымен қатар Еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Маргарет Тэтчер Кеңестік үкіметті қатты сынап, «тэтчеризм» саясатындағы консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.

Олай болса, бүгін әлемдегі ықпалдя әйелдің нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

1️⃣ Еуропа тарих арқылы құрылды. Ал Америка – философия арқылы қаланды.

2️⃣ Елдің байлығы міндетті түрде табиғи ресурстарға негізделмейді. Себебі олар мүлдем жоқ болса да, қол жеткізуге болады. Ең маңызды ресурс – адам. Сондықтан мемлекет тек халық талантының гүлденуі үшін жұмыс жасауы керек.

3️⃣ Эверестке әркім өзі үшін көтеріледі. Алайда әр адам шыңға жеткеннен кейін, міндетті түрде елінің туын жоғары көтереді.

4️⃣ Үй әйел әлемінің шекарасы емес, орталығы болуы керек.

5️⃣ Жеңіске деген құштарлық әр адамның бойында жанып тұрады. Жеңіс жолындағы жігер – дайындық сұрағы. Жеңіске жету жолы – абырой.

6️⃣ Егер бәрі ойымдағыдай аяқталса, мен өте шыдамды жанмын.

7️⃣ Егер әйел мінез көрсетке, оны «нашар әйел» дейді. Ал ер адам мінез көрсетсе, ол туралы: «жақсы жігіт» дейді.

8️⃣ Барлығын шын жүрекпен істеу – жақсы идея емес. Өйткені жүрек жақсы жұмыс істеуі үшін жабық болуы керек.

9️⃣ Үй шаруасында туындаған мәселелерді түсінетін әйел, ел басқарудағы мәселені де жақсы түсінеді.

🔟 Істі талқылағыңыз келсе – ер адамға, ал жүзеге асырғыңыз келсе – әйел адамға жүгініңіз.

1️⃣1️⃣ Әңгімелесушімен тіл табысу үшін оған «иә» дей беруге міндетті емессіз.

1️⃣2️⃣ Тегін ірімшік тек қақпанда болады.