🧘🏼🧘🏻♂️ Медитация бұл — рухани жаттығу. Ол миды жаман ойлардан тазартып, оны жүйелеуге көмектеседі. Бүгінде медитацияның танымалдылығы артып келеді. Себебі көптеген адам мұны күйзелісті төмендету және зейінді жақсарту тәсілі ретінде қолданады. Медитацияның түрлері көп. Оның көпшілігі арнайы жабдықтар мен орынды қажет етпейді.
Ендеше рухани жаттығудың пайдасына тоқталып өтейік.
🟢 Күйзелісті жойып, мазасыздықты азайтады.
🟢 Өзін-өзі бағалау қасиетін жоғарлатады. Осылайша, өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастырасың.
🟢 Ішкі жан дүниеңмен тереңірек сырласып, өзіңді толық тануға ұмтыласың.
🟢 Зейінің артып, есте сақтау қабілетіңнің жұмысы жақсарады.
🟢 Ерік-жігерің артып, эмоцияңды басқаруды үйренесің.
🟢 Сондай-ақ артық тамақтануды бақылауға көмектеседі.
🟢 Жаныңа жайлылық сыйлап, ұйқыны қалыпқа келтіреді.
🔺 Медитацияны күніне екі рет жасаған дұрыс. Нақтырақ айтсақ, таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөлуге тырыс. Таңертең ол ойды жинақтаса, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға көмектеседі.
Ең басты шарт: медитацияны күнде жасау керек.