Өміріңіз мәнді өтуі үшін не істеу керек?

Автор: редактор 31 Тамыз, 2022


Өміріңіз мәнді өтуі үшін не істеу керек?

Бенджамин Франклин әдісі .

🟢 Бенджамин Франклин қарапайым отбасыдан шыққан. Оның әкесі сабын мен майшам өндіретін цехте жұмыс істеген. Дегенмен Франклин – көптеген жетістікке жеткен тұлға. Ол өзінің дұрыс жоспар қоя білуінің және қатаң тәртіпті сақтауының арқасында көптеген салада: саясатта, дипломатияда, ғылымда, журналистикада бағын сынап, барлығына бірдей үлгерді. Франклин – Америка Құрама Штатының негізін қалаушылардың бірі. Себебі ол Тәуелсіздік Декларациясын және елдің Конституциясын жазуға атсалысқан. .

🔹 Франклин АҚШ-тың президенті болмаса да, оның портреті жүз долларлық банкнотта бейнеленді. Ол «Уақыт дегеніміз – ақша, және «Бүгіннің ісін ертеңге қалдырма» деген сияқты қанатты сөздердің авторы.
Франклин үшін уақыт шын мәнінде маңызды болды. .

Сіз өмірді жақсы көресіз бе? Олай болса, уақытты босқа өткізбеңіз, өйткені өміріңіз уақыттан тұрады. .

🔹20 жасында Франклин уақытты тиімді пайдалануға арналған жүйені ойлап тапты. Замандастары оны «Франклин пирамидасы» деп атады (кейде «өнімділік пирамидасы» – деп те аталады).

🟢 Франклин пирамидасы:
.*Бір күндік жоспар
*Қысқа мерзімді жоспар
*Ұзақ мерзімді жоспар (бір жылдық жоспар) .

🟢 Мақсатқа жетудің басты жоспары:

Ең маңызды жоспар (шығармашылық адамның нақты мақсаты)

Өмірдің негізгі құндылықтарынан тұратын жоспар .

✔️ Пирамиданың негізгізісіне өмірлік құндылықтар жатады. Бұл – кез келген проблемаларды шешудің моральдық қағидалары. Франклин осы жайтты ескере отырып, 13 керек қасиетті анықтады: сабырлық, байсалдылық, тәртіпке бағынышты болу, батылдық, үнемділік, еңбекқор, адалдық, әділдік, қарапайымдық, тазалық, тыныштық және мейірімділік. .

Өз-өзімен күнделікті жұмыс істеу барысында Франклин арнайы кітапша бастады. Ол кітапшаға өмірлік принциптерін жазып отырды. Әр бетті жеті бағанға (аптаның күндеріне) бөлді. Содан кейін ол ізгі қасиеттерге негізделген 13 көлденең сызықты жүргізді.
Осылайша ол өмірін тек жақсы жағынан өзгертуді көздеді.