Өміріңізді мағыналы өткізудің 2 әдісі

Автор: редактор 19 сентября, 2022


⏰ Уақыт — біздің өміріміз. Алайда уақыттың қадірін білмей, өмірлері бос өтіп жатқан жандар қаншама? Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Назарларыңызға белгілі тұлғалардың әдістерін ұсынамыз.

✅ Стивен Кови әдісі

Франклин жүйесі ізбасарларының бірі — Стивен Кови. Бұл менеджмент саласында әлемге әйгілі маман және жаттықтырушы. 

Кови — көптеген кітаптың авторы. Кітаптарының  бірі Тime журналының іскерлік әдебиеттерінің тізіміне енген.

Бұл — «Семь навыков высокоэффективных людей» кітабы. Кови оны 1989 жылы жазды, бірақ ол 2004 жылы қайта шығарылғаннан кейін ғана бестселлер болды.

📍Кови тұжырымдамасы жеті дағдыға негізделген:

* Өз-өзіңді үнемі жетілдіріп отыру.

* Синергияға қол жеткізу, яғни өзара тиімді әрекеттесуге ұмтылу.

* Белсенді болу;

* Алдымен дұрыс тыңдау, содан соң біреуді тыңдату;

* Нақты мақсат қою;

* Ішкі түйсікте «Мен жеңіске жетемін! Мен жеңіске жетемін!» деп ойлау;

* Бүгін істеу керек дүниені кейінге қалдырмау.

✅ Бенджамин Франклин әдісі

20 жасында Франклин уақытты тиімді пайдалануға арналған жүйені ойлап тапты. Замандастары оны «Франклин пирамидасы» деп атады (кейде «өнімділік пирамидасы» — деп те аталады).

📍Франклин пирамидасы:

* Бір күндік жоспар

* Қысқа мерзімді жоспар

* Ұзақ мерзімді жоспар (бір жылдық жоспар)

* Мақсатқа жетудің басты жоспары

* Ең маңызды жоспар (шығармашылық адамның нақты мақсаты)

* Өмірдің негізгі құндылықтарынан тұратын жоспар

Франклин пирамидасының келесі қадамы — бұл жаһандық мақсат. Ол өмірлік қағидаттарға негізделіп, «N жасына дейін неге жетуге болады?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, дәрігерге арналған үлкен мақсаттың бірі — 35 жасқа дейін бөлім басшысы болу, ал менеджер үшін өзінің стартаптарын бастауға мүмкіндік алу.

Бенджамин Франклин әр күнін жоспарлап отырған. Әр құрған жоспарының белгіленген уақыты бар.

* Жалпы жоспар — мақсатқа қол жеткізу бойынша қадамдық нұсқаулар;

* Ұзақ мерзімді жоспар — алдағы 3-5 жылдағы мақсаттар;

* Қысқа мерзімді жоспар — келесі жылдың және айдың міндеттері;

* Апта мен күнді жоспарлау.