📌 Морган Фриман — американдық актер, режиссер. Ол 1937 жылы 1 маусымда мұғалім мен шаштараздың отбасында дүниеге келді. Фриманға ең үлкен роль 1980 жылы ғана сеніп тапсырылды. Көптеген адам актерді «Шоушенктен қашу», «Жеті» және «Құдіретті Брюс» фильмдерінен таниды. Фриман “Миллионға бағаланған балақай” фильмінде екінші рольді сомдау арқылы «Оскар» сыйлығына ие болды. Мансап жолында 5 беделді номинацияға қол жеткізді.
Ендеше назарларыңызға өнер иесінің танымал нақыл сөздерін ұсынамыз😉
✔️ Тартымдылық — менің басты қаруым. Себебі ол әрқашан қиындықтан алдын алып, агрессияға төтеп береді.
✔️ Мен «гомофобия» деген сөзді жек көремін. Бұл — фобия емес. Сіз қорқақ емессіз. Сіз жай ғана ақымақсыз.
✔️Мен он төрт жасымда өте ақымақ болдым. Алайда осы уақытта Facebooк, Twitter қосымшаларында парақшам болмады. Сондықтан бұл туралы көп адам білмеді.
✔️Кезінде мен де үйсіз болдым. Көлік жүргізушісі әрі жүк тасымалдаушы болып жұмыс та істедім. Иә, бір үзім нанға қол жеткізу үшін кез келген жұмысқа дайын болдым. Есіңізде болсын, алда не күтіп тұрғанын ешқашан білмейсіз.
✔️Актер болу қиын емес. Оған айналу әлдеқайда қиын.
✔️Мен блюзді шынымен жақсы көремін. Себебі осы музыкамен өстім.
✔️Менің әрқашан балаларыма айтатыным: егер орта жолда берілсең, онда сені басып өтеді. Ал күресуді жалғастырсаң, онда міндетті түрде біреу қол ұшын береді.
✔️Өмір маған мейірімділік танытты. Демек мен де оған мейірімді болуым шарт. Бұны қалай істейміз? Жай ғана — өмір сүреміз.
✔️Ең керемет сезім — сұранысқа ие екеніңді білу.
✔️Актер мен жұлдыздардың арасында үлкен айырмашылық бар. Көрермендер кинотеатрға жұлдыздарды және фильмге түскен актерларды көру үшін барады.
✔️Мен бірге жұмыс істеген ұлы актерлерден не үйренгенімді білесіз бе? Тыныштық. Бұл — ең қиын процесс.