✍🏻 Қолтаңбаның көп жағдайда өмірімізге тікелей байланысы бар екенін біле бермейміз. Мектеп кезінде өзімізге таңдап алынған қолтаңбамыз бізбен бірге аз ғана өзгерістермен ғана өмір бойы қандай да бір жағдай болмасын қатар жүреді. Ендеше сіздің қолтаңбаңыз мінезіңіз жайлы не дейді?
1️⃣ Қолтаңбаның үлкендігі
А) шамадан тыс үлкейтіп қою – жүйелік ойлау қабілеті терең адамдарға тән. Көбіне мұндай адамдар дипломатиялық жұмыстарға жақын болады. Негізгі қасиеттері: іскер, өзіне сенімді, айтқанынан қайтпайтын жандар;
Ә) шағын – қандай да бір ақпараттарды белгілі бір шекара төңірегінде ойлайтын адамдар. Мұндай жандар бас қатыратын жұмыспен айналысқанды ұнатпайды. Шығармашылыққа жақын адамдардың көбі қолды осылай қояды.
2️⃣ Қолтаңбасының ұзақтығы
А) барынша созылыңқы –- мәселелердің мән-мағынасына тереңірек қарайтын адамдар. Мұндай адамдар шыдамды, сабырлы және энергиясы мол болып келеді.;
Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді және жылдам ойланып, дереу шешім қабылдайды. Қимылдары шапшаң болады.
3️⃣ Қолтаңбасының түрі
А) дөңгелек – мінезі жұмсақ, өте мейірімді, салмақты, қолы ашық;
Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір болса – шыдамсыз, сабырсыз, қатал, тәуелсіз, қыңыр адамдар;
4️⃣ Әріптерінің ара-қашықтығы
А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, қолда барын өзгеден аямайтын жомарт жандар;
Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – өте үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса). Әдетте мұндай адамдар экономика саласына жақын болады.
5️⃣ Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер
А) дөңгелек – үлкен мәселелер мен идеялардың төңірегінде қалып қою;
Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық;
Б) суреттер – шығармашылық қабілеттері басым.
6️⃣ Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы
А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;
Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;
Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;
В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық;
Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.
Ал сіздің қолтанбаңыз қандай?)