Роберт Кийосаки: Жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады

Автор: редактор 06 Наурыз, 2023


🗣 Роберт Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, өзін-өзі дамытуға арналған бірқатар кітаптың авторы, педагог, мотивациялық баяндамашы және Yahoo Finance қаржылық шолушысы. Сонымен қатар жеке қаржы және іскерлік білім ұсынатын Rich Dad білім беру компаниясының негізін қалаушы. Әрі Cashflow ойынының және ересектер мен балаларға қаржылық-бизнес тұжырымдамаларын үйретуге арналған онлайн ойындардың жасап шығарған. “Жарлы әке, Кедей әке” аты кітабының арқасында танымал болды.

Тұрақты жұмыс сені бай қылмайтынын қанша рет еске салуым керек? Сондай-ақ бос уақытыңызда шұғылданатын іспен бай болатыныңызды қанша рет еске салуым керек?

Бос уақытымда айналысқан іс-әрекетіме байланысты қазіргі таңда мен баймын.

Қазіргі жағдайыңызды өзгерткіңіз келсе, ең алдымен ойыңызды өзгертіңіз. 

Ақша үшін жұмыс істеген адам – оның құлы болады. Еске саламын, ақша үшін жұмыс істемеңіз. Керісінше ақша сізге қызмет етсін.

Өмірде бұрын-соңды болмаған нәрсеге қол жеткізу үшін, бұрын жасамаған нәрсені жасаңыз. 

Егер спорттық жаттығулар дұрыс орындалса, адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Ал ақыл-ой жаттығулары – адамның бай болуына көмектеседі. Есіңізде болсын, жалқаулық адамды денсаулықтан да, байлықтан да айырады.

“Ертең” деген сөзді жиі қолданатындар – әдетте, кедей, бақытсыз, денсаулығы нашар болып келеді.

Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.

Қазіргі күннің ең басты қатері — әрекетсіздік.

Мектептер – жұмыс берушілерді емес, сенімді жұмысшыларды дайындайды,

Сәби бір рет құламай жатып, жүруді үйрене алмайды. Себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да дәл солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды? Өйткені олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздіктен қорқатын адамдар – жетістікке де жете алмайды.