💬 Сөздік қордың аз болуы — көп адамда кездесетін негізгі мәселелердің бірі. Оны қалай дамытуға болады? Бүгін осы тақырыпқа қатысты бірнеше кеңеспен бөлісеміз.
⠀
📝 Сөздік қорды дамыту сіз ойлағандай қиын емес. Бұл жерде сізден сұралатыны — тұрақтылық пен әрекет қана.
⠀
📍 1. Әдеби кітаптарды оқу — сөздік қорды дамытудың ең үздік әдісі. Өйткені әдеби кітаптардан өзіңіз білмейтін жаңа сөздерді кездестіретініңіз анық.
Сол сөздерді күнделігіңізге түртіп алып, мағынасын іздеп, зерттеңіз. Ол жадыңызда сақталады.
⠀
📍 2. Паразит сөздерді қолданбау. Бұл сөздер ойыңызды дұрыс жеткізуге кедергі келтіреді. «Ана», «жаңағы», «яғни» деген сөздердің орнына нақты әрі түсінікті сөздерді қолдануға тырысыңыз.
Барынша ауызыңыздан шыққан әрбір сөзге мән беріңіз. Нәтижесінде ойыңызды орынды жеткізуге машықтанасыз.
⠀
📍3. Жазу арқылы сөздік қорды дамытуға болатынын білесіз бе?! Иә, сіз жазған сайын айтатын ойыңызды әр түрлі сөзбен жеткізуге тырысасыз.
Сөйлемдеріңіз, одан құралған мәтін сәтті шығу үшін жаңа сөздерді қалай қолданып бастағаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Қолыңызға қалам алыңыз да, жаза беріңіз!
⠀
Ал сіз сөздік қорды дамытудың қандай жолын ұсынасыз?