Сөздік қорды дамытудың ТОП-5 әдісі 

Автор: редактор 30 Қыркүйек, 2022


Сөздік қорды дамытудың ТОП-5 әдісі

🗣️ Сөздік қор – адамдардың көбінде кездесетін негізгі мәселелердің бірі. Оны қалай дамытуға болады?

Сөздік қорды дамыту сіз ойлағандай қиындық туғызбайды. Бұл жерде сізден сұралатыны – тұрақтылық пен әрекет қана.

🟩 Әдеби кітаптарды оқу – сөздік қорды дамытудың ең үздік әдісі. Өйткені әдеби кітаптардан өзіңіз білмейтін жаңа сөздерді кездестіретініңіз анық. Сол сөздерді күнделігіңізге түртіп алып, мағынасын іздеп, зерттеңіз. Ол жадыңызда сақталады.

🟩 Паразит сөздерді қолданбау. Бұл сөздер ойыңызды дұрыс жеткізуге кедергі келтіреді. «Ана», «жаңағы», «яғни» деген сөздердің орнына нақты әрі түсінікті сөздерді қолдануға тырысыңыз. Барынша ауызыңыздан шыққан әрбір сөзге мән беріңіз. Нәтижесінде ойыңызды орынды жеткізуге машықтанасыз.

🟩 Жазу арқылы сөздік қорды дамытуға болатынын білесіз бе?! Иә, сіз жазған сайын айтатын ойыңызды әр түрлі сөзбен жеткізуге тырысасыз. Сөйлемдеріңіз, одан құралған мәтін сәтті шығу үшін жаңа сөздерді қалай қолданып бастағаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Қолыңызға қалам алыңыз да, жаза беріңіз!

🟩 Белгісіз сөздердің мағынасын білу.

Ешқашан сөздікке қарауға ерінбеңіз. Әңгімелесушінің не туралы айтып жатқанын түсінбесеңіз, одан қайта сұраудан тартынбаңыз. Білмейтініңізді мойындау – ұят емес. Бұл бәрін түсінгендей болып, нәтижесіз әңгімені жалғастырып, жаңа нәрсені үйрену мүмкіндігін жоғалтқаннан гөрі жақсы.

🟩 Афоризмдерді, өлеңдерді, дәйексөздерді жаттау.

Сөздік элементтерді жаттаудан гөрі, жанға әсер ететін сөз тіркестерін үйрену әлдеқайда тиімді. Байланысқан сөздердің бәрін белгілеп, жазып алыңыз. Үйреніңіз, қайталаңыз және қайталаңыз. Уақыт өте келе сөздік қорыңызда қызықты өрнектер пайда болады.

Ал сіз сөздік қорды дамытудың қандай жолын ұсынасыз?