Назарларыңа зейінді арттыруға арналған 5 кеңес ұсынамыз✅
1️⃣ Миыңды артық ойлардан тазарт. Сабаққа кіріспес бұрын таза ауада 15 минут серуендеп қайт. Бірақ бұл уақытта телефон ұстамауға тырыс.
2️⃣ Сабақ оқу барысында алдыңғы жазбада ұсынған “Помидор” әдісін қолдануыңа болады. Яғни, 25 минут сабақ оқып, 5 минут демаласың. Ескерте кететін бір жайт, 25 минут ішінде тек сабаққа зейін қоясың. Телефон ұстап, адамдармен сөйлесуге болмайды.
3️⃣ Сабақ оқуға арналған ыңғайлы орынды таңда. Мысалы, төсек үстінде кітап оқу денсаулыққа зиян екенін жақсы білесің. Сондықтан ойың бөлінбейтін жерде оқуға тырыс.
4️⃣ Сабаққа кіріспес бұрын қажетті заттарды дайындап қой. Себебі қаламсап пен қарындашты іздеуге уақыт жоғалтасың әрі ойың бөлінеді.
5️⃣ Алдыңда міндетті түрде су тұрсын. Сонымен қатар үстел үстіне тіскебасар жеміс-жидектер мен кептірілген қытырлақтарды әкеліп қой.