Шет тілін қалай жылдам үйренуге болады?

Автор: Редактор 27 Сәуір, 2022


Біз ұсынған кеңестерге сүйене отырып, шет тілін жылдам үйренуіңе мүмкіндік бар. Ендеше көз жүгіртіп шық!

Қысқа әрі қарапайым диалогтардан баста.

90 күн ішінде қысқа әңгімелерді оқи отырып, ауызекі тілді меңгеруге болады. Сондықтан күнделікті түсінуге жеңіл, қарапайым ақпараттарды оқуға кеңес береміз.✔️

📗 Алғашқы аптада жаңадан бастаушыларға арналған кітаптарды оқу арқылы тілдің 50%-ын құрайтын 100-200 сөзді үйренуіңе болады.

2️⃣ Бастапқы ақпараттарға назар аудар.

🔈Егер мақсатың тілді тез үйрену болса, өз деңгейіңе сай мәтіндерді оқып, аудио нұсқасын тыңдауды әдетке айналдыруың керек.

Мәселен, испан тілін енді үйреніп жатып, бірден фильмдерді қарап кете алмайсың. Себебі бұл әрекетің тым ерте әрі беретін нәтижесі төмен болуы мүмкін. Оның орнына деңгейің бойынша ақпараттарды саралап, қажетті тапсырмаларды орындай аласың.

3️⃣ Сөздердің айтылымына және сол тілде сөйлейтін адамдардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал.

Тілді үйрену барысында көптеген сөздер мен грамматиканы меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Алайда болашақта түзеуге болмайтын бір нәрсені ескергенің жөн. Бұл – сөздердің айтылымы. Тілді үйренген кезде бірден айтылымын назарға алатын болсаң, келешекте еш қиындық туындамайды. Себебі меңгерген сөздерді қайта түзетіп отырғаннан гөрі, оны бірден дұрыс жаттап алған тиімдірек.

📍Кез келген шет тілін жылдам меңгерудің 3 ережесі бар.

* Алдымен сөздің айтылымын дұрыс үйрену;
* Сөздерді аудармау;
* Интервалды қайталау әдісін қолдану.

Ал ең тиімді әдіс – сол тілде сөйлейтін адамдармен байланыс орнату. Олардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал. Сонымен қатар диалогтарын көп тыңдап, дауысы мен интонациясын қайталауға тырыс. Сенде шынайы болып көрінгенше, әрекетіңді тоқтатпа.

4️⃣ Көп оқу маңызды емес. Бастысы – ақылмен оқу.

📌 Шет тілін тез үйрену үшін мына тәсілдерді ескергенің жөн.

* Кітап тарауларын басынан аяғына дейін оқып шық. Мүмкіндігінше көп ақапаратты түсінуге тырыс.

* Тарауларға қайта оралып, тағы бір мәрте көз жүгіртіп шық.

* Осы арқылы барлық тарауда қайталанып отыратын сөздерді бірден таба аласың.

5️⃣ Үйреніп жатқан тілде күнде сөйлесуге тырыс.

Егер тілді тез үйренгің келсе, сол тілде күнделікті сөйлеуді әдетке айналдыр. Қазіргі уақытта шет тілін меңгеру үшін міндетті түрде шетел асудың қажеті жоқ. Өйткені интернет желісінде барлық мүмкіндік қарастырылған. Арнайы қосымшаларды пайдалану арқылы шетел тұрғындарымен видео немесе аудио байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ фильмдерді субтитрмен қарай отырып, тыңдау қабілетіңді дамыта аласың.

6️⃣ Сөздік қорыңды дамыт.

Кез келген тілді үйрену – жаңа сөздерді меңгеруден басталады. Ал оларды тез жаттап алуың үшін, бірінші жиі кездесетін сөздер тізімін жазып шық. Содан соң арасын суытпай, қайталап отыруың керек. Сонымен қатар сөздерді жаттау барысында бейнесін көз алдыңа елестетуге тырыс.