Шетел университеттеріне құжаттарды тапсыру мерзімі белгілі болды

Автор: редактор 28 Шілде, 2022


💭Шетелдік жоғары оқу орнына түсу процесі бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Дайындықты неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Қанша уақыт кететінін түсіну үшін сіз таңдаған оқу орнында құжаттарды тапсыру мерзіміне назар аударыңыз. Кейде құжаттарды қабылдау оқу басталғанға дейін 10 ай бұрын аяқталады, сонымен қатар сіз тілді білу үшін емтихан тапсырып, оған дайындалуыңыз қажет.

🖇АҚШ

Американдық университеттерде құжаттарды тапсырудың екі әдісі қолданылады: ерте қабылдау және негізгі.
Құжаттарды ерте тапсыру мерзімі барлығында бірдей, яғни 1 қарашаға дейін. Нәтиже желтоқсанның ортасында белгілі болады.
Құжаттарды негізгі тапсыру мерзімі негізінен 1 қаңтарға дейін. Нәтижесі наурыз айының соңына дейін белгілі.

🖇ҰЛЫБРИТАНИЯ

Құжаттарды Оксфорд пен Кембриджге, сондай – ақ басқа да оқу орындарының медицина, стоматология және ветеринария факультеттеріне тапсыру мерзімі – 15 қазанға дейін.
Дизайн мен өнерден басқа мамандыққа және басқа университеттерге құжат тапсыру – 15 қаңтарға дейін.
Дизайн және өнер факультеттеріне құжаттар 24 наурызға дейін ұсынылады.
Оқу қыркүйек айында басталады.

🖇ФРАНЦИЯ

Тіркеу әр жылдың 28 қарашасынан басталады және келесі жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде сіз университетті таңдап, өтінім жібересіз. 16 қарашадан мамыр айының соңына дейін тіркеу жарнасын төлеп, әңгімелесуден өту керек. Университеттен жауап маусым айының соңына дейін келуі қажет.
Оқу қыркүйек айының соңында / қазан айының басында басталады.

🖇ГЕРМАНИЯ

Жазғы семестрге түскен кезде құжаттарды тапсыру мерзімі – 15 қаңтарға дейін.
Қыркүйектен ақпанға дейін Fachhochschule – де және қазаннан наурызға дейін Universität-те басталатын Қысқы семестрге түскен кезде құжаттарды тапсыру мерзімі – 15 шілдеге дейін.

🖇СИНГАПУР

Ұлыбританияның Жоғары оқу орындарына түсу кезіндегідей, Сингапур университеттерінде Foundation Year өтуі талап етіледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 19 наурызға дейін.
Оқу тамыз айында басталады.

🖇АВСТРАЛИЯ

Құжаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады, бірақ жеке мамандықтар үшін олардың күндері белгіленген.
Мысалы, стоматологиялық факультет үшін – маусымның аяғы, ветеринарлық факультет үшін – қыркүйек, ал психологиялық факультет үшін – қазан.
Оқу ақпан айында басталады.