🔍 Шетел университеттеріне арналған грант пен шәкіратқыға қалай қол жеткізуге болады? Алдымен академиялық бағдарламалар мен ЖОО-дарға зер сала отырып, нақты шешім қабылдап ал. Осылайша таңдаған бағдарламаны немесе жоғары оқу орнын егжей-тегжейлі зерттеп, сипаттамасымен таныс.
📍Егер төменде көрсетілген талаптарға сай келсең, онда шетел университеттеріне грант ұтып, шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие боласың.
▫ол үшін өз мамандығыңды өзгертпей, бұған дейін алған білімің мен тәжірибеңе сай келетін бағдарламаға құжат тапсырсаң;
▫мектептегі немесе университеттегі оқу үлгерімің жақсы болса;
▫шет тілін жетік білсең;
▫өзекті ғылыми тақырыптар бойынша дипломдық жұмыс жазсаң немесе ғылыми зерттеулер жүргізсең;
▫шетелде алған білімің аталмыш ел мен ҚР арасындағы мәдени, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың дамуына қалай әсер ететінін дәлелдеп, елестете алсаң;
▫өзіңнің күш-жігеріңе, жетістіктеріңе сенімді болсаң.
📌 Шетелде оқуға арналған гранттар мен шәкіртақылар туралы ақпаратты құжат тапсырғың келген университеттің сайтынан таба аласың. Егер сайтта толық ақпарат болмаса, онда Office of Financial aid немесе International Office (шетелдік студенттермен жұмыс істейтін бөлімге) бөліміне хабарласып, қаржылай көмектің қандай түрлерін алуға болатынын сұрай аласың.
🔖Шетел университеттеріне грантқа түсу үшін немесе шәкіртақы иелену үшін төменде көрсетілген құжаттар қажет болады.
1. Дипломның көшірмесі немесе бағалар тізімі көрсетілген ЖОО-нан берілетін академиялық анықтама.
2. CV (түйіндеме): бұл академиялық түйіндеме болуы керек. Жұмысқа арналған түйіндемемен шатастырып алма.