Шетелде тегін білім алудың 4 жолы

Автор: редактор 09 Маусым, 2022


💭Шетелдік университеттер, мемлекеттер, жеке қорлар және ірі компаниялар шетелдік студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге дайын.

Неге бұлай деп сұрасаңыз, оның жауабы – қарапайым. Олардың мақсаты – шетелдік студенттердің ЖОО қабырғасында білім алуына мүмкіндік беріп, білікті мамандарды өз елдерінде қалдырып, жұмысқа тарту. Сондықтан оқу орындары және басқа да ұйымдар студенттердің әртүрлі санатына үлкен қаржы бөлуге дайын. Әдетте, қаржылық қолдау – гранттар, стипендиялар және жеңілдіктер түрінде болады. Бүгін осы тақырып аясында ақпарат береміз. Осы тұста шетелде тегін оқуға мүмкіндік беретін 4 әдісті ұсынамыз.

🔳 Бірінші әдіс – гранттар.

Халықаралық грант – жас студенттерді (әдетте 30 жасқа дейін) ынталандыру мақсатында беріледі. Грант оқу ақысын, жол ақысын, жатақхана және медициналық сақтандыруды толық қамтиды.
Сондай-ақ мұнда толық емес гранттар да бар. Аталмыш грант тек оқу ақысын төлейді. Яғни, мұндай жағдайда жүріп-тұру ақысын, әуе билеттері мен тамақтану шығындарын студенттің өзі төлейді.

🔳 Екінші әдіс – шәкіртақы.

Стипендиялық бағдарламалары өте ыңғайлы. Яғни, барлық адам өзі үшін қолайлы нұсқаны таңдай алады. Гранттар сияқты шәкіртақының да толық және жекелей түрі болады. Сәйкесінше, қаражат студенттің барлық шығынын немесе олардың санаулысын жаба алады.

🔳 Үшінші әдіс – Fellowship бағдарламасы.

Fellowship – шетелде магистратура немесе докторантураға түскісі келетін талапкерлерге берілетін қаржылай көмек. Бұл бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарында қойылатын талап әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, жас талаптарына және таңдалған бағдарламаға байланысты болады. Сонымен қатар ғылыми практиканың жүргізілуі, ғылыми жарияланымдардың болуы, расталған ғылыми-зерттеу тәжірибесі де ескеріледі.

🔳 Төртінші әдіс – сол елдің ресми тілін білу маңызды.

Шетелдік университетте тегін білім алудың осындай қарапайым әдісі бар. Студенттерді қабылдаудың бұл талабын Еуропаның жетекші жоғары оқу орындары да қолдайды. Мысалы, француз Сорбоннасы француз тілінен орта деңгейде емтихан тапсырған шетелдік студенттерге ақысыз оқу орындарын ұсынады.