Шетелде тегін білім алудың 6 жолы
💭 Еуропаның көптеген елдерінде ЕО азаматтығы жоқ адамдардың өздері тегін білім ала алады. Мысалы, оларға Германия, Австрия, Норвегия, Чехия, Италия, Греция жатады. Мұнда сіз өте мықты университеттерді таба аласыз. Бұл елдерде бакалавриатта оқу, әдетте, ұлттық тілде өтеді: Германия мен Австрияда неміс тілінде, Италияда итальян тілінде және т.б.
Осы тұста шетелде тегін оқуға мүмкіндік беретін 6 жолды ұсынамыз.
1️⃣ Бірінші жолы — гранттар.
Халықаралық грант – жас студенттерді (әдетте 30 жасқа дейін) ынталандыру мақсатында беріледі. Грант оқу ақысын, жол ақысын, жатақхана және медициналық сақтандыруды толық қамтиды.
Сондай-ақ мұнда толық емес гранттар да бар. Аталмыш грант тек оқу ақысын төлейді. Яғни, мұндай жағдайда жүріп-тұру ақысын, әуе билеттері мен тамақтану шығындарын студенттің өзі төлейді.
2️⃣ Екінші жолы — шәкіртақы.
Стипендиялық бағдарламалары өте ыңғайлы. Яғни, барлық адам өзі үшін қолайлы нұсқаны таңдай алады. Гранттар сияқты шәкіртақының да толық және жекелей түрі болады. Сәйкесінше, қаражат студенттің барлық шығынын немесе олардың санаулысын жаба алады.
3️⃣ Үшінші жолы — Fellowship бағдарламасы.
Fellowship — шетелде магистратура немесе докторантураға түскісі келетін талапкерлерге берілетін қаржылай көмек. Бұл бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарында қойылатын талап әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, жас талаптарына және таңдалған бағдарламаға байланысты болады. Сонымен қатар ғылыми практиканың жүргізілуі, ғылыми жарияланымдардың болуы, расталған ғылыми-зерттеу тәжірибесі де ескеріледі.
4️⃣ Төртінші жолы — сол елдің ресми тілін білу маңызды.
Шетелдік университетте тегін білім алудың осындай қарапайым әдісі бар. Студенттерді қабылдаудың бұл талабын Еуропаның жетекші жоғары оқу орындары да қолдайды. Мысалы, француз Сорбоннасы француз тілінен орта деңгейде емтихан тапсырған шетелдік студенттерге ақысыз оқу орындарын ұсынады.
5️⃣ Компания есебінен оқыту
Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлердің шетелдік білімін қаржыландырады. Мысалы, консалтингтік компаниялар үнемі MBA кеңесшілерін әлемнің ең жақсы бизнес мектептеріне жібереді.
6️⃣ Өз елінің үкіметі беретін стипендия.
Бірқатар мемлекет азаматтардың шетелде білім алуға ұмтылысын қолдайды және оны қаржыландыруға дайын. Мұндай стипендиялар көптеген елде бар. Мысалы, Қазақстанда — Болашақ стипендиясы, Эстонияда-noore оupetlase stipendium.