Сіз амбидекстр әлде амбисинтрсіз бе?
🖐🏻 Амбидекстрлердің оң және сол қолдары бірдей жұмыс істейді. Сізге бір құпияны ашайық: бәріміз тумысымыздан амбидекстерміз. Яғни, төрт жаста ми құрылымдарының асимметриясы қалыптасады. Алайда біз оң немесе сол қолдың пайдасына таңдау жасаймыз.
☝🏻Екі қолды бірдей пайдалана алатын туа біткен амбидекстер ғаламшар тұрғындарының тек бір пайызын ғана құрайды. Тіпті өзін «екі қолдымын» деп санайтындар да әрқашан екеуін де бірдей пайдалана алмайды. Дегенмен мұндай адамдарда интергемисфералық асимметрия әлі де азаяды.
📌 Біздің ғаламшарда оң қолды адамдар әлдеқайда көп. Олар шамамен 45%, ал таза солақайлар шамамен 10%. Қалғандары белгілі бір әрекетті орындау кезінде бір қолының басымдылығына мән беретін адамдар. Айтпақшы, жануарлардың көптеген түрінде бәрі керісінше. Себебі олардың көпшілігін солақайлар құрайды.
📍Кез келген салада қабілеттер мен дарындылық қолдардың басымдығына қарай бөлінеді. Тіпті сол немесе оң қолдың моторикасын дамыту ми қозғалысын үйлестіруге қатыспайтын бөліктеріне аз мөлшерде әсер етпейді деген теория бар.
🧠 Ми құрылымының функционалдық жүктемесі тұрғысынан амбидекстерлердің ерекшелігі неде?
Оң немесе солақайларда жұмыс жүктемесіне байланысты мидың белгілі бір аймақтарының ауысымдық белсендіруі байқалады. Осылайша, ми аймақтарының физикалық және эмоционалды түсірілуі қамтамасыз етіледі. Амбидекстерлер үшін бұл қиындық тудырады. Мидың асимметриясы азайғандықтан, шамадан тыс жүктелген аймақтардан жүйке импульстарын қайта бағыттау қиынырақ. Асимметрия жоқ, басқа аймақтарды түсіруге дайын арнайы аймақтар жоқ.
Туа біткен амбидекстер оң немесе сол қолы басым адамдармен салыстырғанда өте талантты болып келеді. Бұны дәлелдейтін көптеген теориялар бар. Біреу амбидекстерлердің даму деңгейі басқа адамдарға қарағанда жоғары деп мәлімдейді.
Екі қолдың бірдей жұмыс істеуі спортта, өнерде, музыка бағытында көмектесетіні анық. Көптеген спортшы бұл дағдыны аранйы дамытуға тырысады. Өйткені онсыз кейде бұл салада белгілі бір жетістікке қол жеткізу мүмкін емес.
Дағдыланған амбидекстрия
Туа біткен амбидекстер болмағаннан кейін, бұл дағдыны дамыту шамадан тыс жүктемеге әкелуі мүмкін.
Егер сіз осы дағдыны қалыптастырғыңыз келсе, бірінші ұсыныс — шыдамды болу. Себебі бұл қабілетті шыңдау үшін бір жыл немесе бес жылдан астам уақыт қажет болуы мүмкін.
Ол үшін күнделікті өмірде екі қолмен жұмыс істеуге тырысыңыз. Мәселен, тісіңізді оң қолмен жуып жүрсеңіз, бүгінгі күннен бастап сол қолыңызбен жууды әдетке айналдырыңыз. Сонымен қатар сол қолыңызбен жазып үйренгеніңіз. Тіпті жаяу жүргенде орындар мен көшелерді ауыстырып отырғаныңыз жөн. Осы жаттығулар арқалы ми жұмысын шынықтыруға болады.
✍🏻 АМБИСИНИСТРИЯ
Иә, оң немесе сол қолмен, тіпті екі қолмен де бірдей жақсы жұмыс істейтіндер бар. Олар туралы айтып өттік. Алайда екі қолы да нашар жұмыс істейтін адамдар да бар. Оларды амбисинтр деп атайды. Мұндай «қисықтық» туа бітті болуы мүмкін. Мұндай адамдар туа біткен амбидекстерлерге қарағанда аз. Бұл белгілі бір жарақаттар мен аурулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Аалмыш жағдайдан арылу үшін екі қолмен де көбірек жұмыс істеп, жаттығу керек.