СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?!

Автор: редактор 18 июля, 2022


СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?!

📌 Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына кіреді, ал оның ішінде ноғай және қарақалпақ тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.

📌 1960 жылы ғарышқа ұшқан «Спутник-5» ғарыш кемесінде тіркелген мағлұматтар пакетіндегі ескерту ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ де жазылған😎

Дәлірек айтқанда, онда: «Жолдастар! Мына пакеттi кiм тапса, жақын жердегi жергiлiктi советке табыс етciн!» делінген✔️

📌 Тәуелсіз Қазақстанмен қатар, қазақ тілі, Ресейдің құрамындағы Алтай Республикасының мемлекеттік тілдер құрамына енеді👀

📌 Қазақ тілінің тек өзіне тән 9 әріп бар: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, h, і🤗

📌 Қазақ тіліндегі ең қысқа әрі өзіндік мағынаға ие сөз — «у»🗣️👥

📌 «Ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз — «ңөң» («мұзтау», «айсберг»). Бұл сөз — сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөң» өлеңінен қалыптасқан😌

📌 Орыс тіліндегі «деньги» («ақша») сөзі қазақ және басқа да түркі тілдеріндегі «теңге» сөзінен шыққан🤑

📌 Қазақ тілі сөздік қорының 60%-ын түркілік түбірлі сөздер құрайды☝️

📌 1807 жылы қазақ тілінде басылып шыққан тұңғыш кітап — «Сейфіл-Мәлік» поэмасы📝