Сіз кімсіз: экстраверт, интроверт әлде амбиверт?

Автор: редактор 05 октября, 2022



📌 Адам табиғатынан интроверт немесе экстроверт болады.

🟢 Экстраверттер кез келген ортада адамдармен тез тіл табысып, байланыс орнатуға бейім боп тұрады. Сол себепті олар адамдармен сөйлесу арқылы күш, қосымша энергия алады.

Негізі экстраверт болсаңыз, өмір сүру жеңілірек. Себебі мұндай адамдар эмоциясын сыртқа шығара алады. Мәселен, ашу-ыза, реніш сынды жағымсыз дүниелер орын алған сәтте, бірден шешуге тырысады. Ішінде сақтамайды. Өмірге тек позитивпен қарайды.

Бұған қоса олар діттеген мақсаттарына жетпейінше, тыным таппайтын жандар. Олар тәуекел етуден қорықпайды. Әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүреді. Келеңсіздіктер болған жағдайда, беріле салмайды. Күреседі. Талпынады. Осылайша, әрекетіне қарай белгілі бір деңгейде жетістікке жете алады.

🟢 Ал интроверттер «ішімдегіні тап» деп тұратын, томаға-тұйық адамдар. Олар көп жағдайда сезімдерін іште сақтап, өздеріне берілген мүмкіндіктерден айырылып қалып жатады. Олар өте сабырлы болып келеді.

Интроверт адам жалғыз қалудан қорықпайды. Керісінше, жалғыздық оларға күш береді. Кез келген іске зейінін қойып, салмақты түрде қарайды. Эмоцияға беріліп, бірден шешім шығармайды. Олар бәрімен бірдей ашылып сөйлесе алмайды. Белгілі бір адамдармен ғана қатынас құра алады. Интроверттер жалғыз қыдырып, тыныштықта сүйікті ісімен шұғылданғаннан ләззат алады.

🟢 Ал кей адамдарда экстравертке де, интровертке де тән қасиеттер болады. Мұндай жандарды амбиверт деп атайды. Олар «бірде көл, бірде шөл» мінезді адамдар. Яғни, бір күні белсенді болып жүрсе, келесі күні ешкіммен сөйлеспей қоюы мүмкін. Сонымен қатар олар тек өзінің жаны қалайтын іспен ғана шұғылданады.

◻️ Ал сіз адамдардың қай санатына жатасыз?🤔