Ағылшын тілін үйренуге арналған 5 лайфхак

Автор: редактор 21 Қараша, 2022


1️⃣ Қысқа әрі қарапайым диалогтардан баста. 

90 күнде қысқа әңгімелерді оқи отырып, ауызекі тілді меңгеруге болады. Сондықтан күнделікті түсінуге жеңіл, қарапайым ақпараттарды оқуға кеңес береміз.✔️

📗 Егер ағылшын тілін меңгеруді енді бастап жатсаң, алғашқы аптада кітаптарды оқу арқылы тілдің 50%-ын құрайтын 100-200 сөзді үйренуіңе болады. 

2️⃣ Бастапқы ақпараттарға назар аудар.  

🔈Егер мақсатың тілді тез үйрену болса, өз деңгейіңе сай мәтіндерді оқып, аудио нұсқасын тыңдауды әдетке айналдыруың керек. Өз деңгейіңе сай ақпараттарды саралап, қажетті тапсырмаларды орындауыңа болады. 

3️⃣ Сөздердің айтылымына және ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал. 

Тілді үйрену барысында көптеген сөздер мен грамматиканы меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Алайда болашақта түзеуге болмайтын бір нәрсені ескергенің жөн. Бұл – сөздердің айтылымы. Тілді үйренген кезде бірден айтылымын назарға алатын болсаң, келешекте еш қиындық туындамайды. Себебі меңгерген сөздерді қайта түзетіп отырғаннан гөрі, оны бірден дұрыс жаттап алған тиімдірек. 

Сондықтан олардың диалогтарын көп тыңдап, дауысы мен интонациясын қайталауға тырыс. Сенде шынайы болып көрінгенше, әрекетіңді тоқтатпа. 

3️⃣ Көп оқу маңызды емес. Бастысы – ақылмен оқу. 

📌 Ағылшын тілін тез үйрену үшін мына тәсілдерді ескергенің жөн.

* Кітап тарауларын басынан аяғына дейін оқып шық. Мүмкіндігінше көп ақапаратты түсінуге тырыс. 

* Тарауларға қайта оралып, тағы бір мәрте көз жүгіртіп шық. 

* Осы арқылы барлық тарауда қайталанып отыратын сөздерді бірден таба аласың. 

4️⃣ Ағылшын тілінде күнде сөйлесуге тырыс. 

Егер тілді тез үйренгің келсе, сол тілде күнделікті сөйлеуді әдетке айналдыр. Қазіргі уақытта шет тілін меңгеру үшін міндетті түрде шетел асудың қажеті жоқ. Өйткені интернет желісінде барлық мүмкіндік қарастырылған. Арнайы қосымшаларды пайдалану арқылы шетел тұрғындарымен видео немесе аудио байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ фильмдерді субтитрмен қарай отырып, тыңдау қабілетіңді дамыта аласың. 

5️⃣ Сөздік қорыңды дамыт

Сөздерді тез жаттап алуың үшін, бірінші жиі кездесетін сөздер тізімін жазып шық. Содан соң арасын суытпай, қайталап отыр. Сонымен қатар сөздерді жаттау барысында бейнесін көз алдыңа елестетуге тырыс.