Ағзаңызға магний жетіспеудің 5 жолы

Автор: редактор 09 Ақпан, 2023


✔️ Егер аяқ астынан ащы тамақ немесе шоколад жегіңіз келсе, демек ағзаңызға магний жетіспейді деген сөз. Аталмыш элементтің жетіспеуінің тағы қандай белгілері бар? Бұл туралы бүгінгі материалымызда.

1️⃣ Мазасыздық немесе шаршау

Мазасыздық пен шаршау — магний жетіспеуінің ең басты екі неврологиялық симптомдары. Бұл минерал мидағы жүйке жүйелерінің арасындағы қажетті байланысты орнату үшін керек. Сонымен қатар, магний ағзадағы жүйке жүйесінің дұрыс жұмысына жауап беретін маңызды фактор болып табылатын элетролиттер деңгейінің тепе-теңдігін ұстап тұру үшін қажет.

2️⃣ Күйзеліcке ұшырайды

Бірінші симптомды ескерсек, магнийдің жетіспеушілігі күйзеліске де әкеп соқтыратынын болжау қиын емес. Күйзеліс – әртүрлі себептердің салдарынан туындауы мүмкін күрделі ауру. Сол себептердің бірі ағзадағы құнарлы заттардың жетіспеуі мен дұрыс тамақтанбау болуы әбден мүмкін.

3️⃣ Бұлшықеттің ауыруы

Неврологиялық симптомдармен қатар, жүйке-бұлшықет симптомдары да пайда болуы мүмкін. Магнийдің жетіспеушілігі бұлшықеттің ауыруына, тырысуына, сонымен қатар фибромиалгия сияқты басқа да проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Магнийдің негізгі функцияларының бірі бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Бұлшықеттің жиырылуына ықпалдасатын кальциймен бірігіп, бұлшықеттің дұрыс қызмет етуіндегі басты элементтің бірі болып саналады.

Жүректің айнуы және құсу

Магнийдің жетіспеушілігі ас қорыту жолдары мен асқазан-ішектің жұмысын нашарлатады. Сол себепті ішектің дұрыс жұмыс істемеуінен бастап жүректің қатты айнуы мен құсуына дейінгі құбылыстар орын алуы мүмкін.

4️⃣ Қан қысымының жоғарылауы

Көптеген зерттеулер жоғары қан қысымын магний мөлшерінің төмендігімен байланыстырады. Гипертониктерде құнарлы заттардың жетіспеушілігі жиі кездеседі. Әрине, қан қысымына басқа да көптеген физиологиялық функциялар әсер етуі мүмкін, сол себепті нақты диагнозды анықтау үшін, дәрігерге барған жөн.

5️⃣ Ұйқысыздық

Магний жетіспеген кезде созылмалы ұйқысыздыққа шалдығуға болады. Бұл ғана емес, ұйқының бұзылуының басқа да түрлері кездесуі әбден мүмкін. Магний негізінен біздің ұйықтау мен ояу жүру айналымдарын реттейді.