Адамдар алдында өзіңізді еркін әрі жайлы сезінудің 3 жолы

Автор: редактор 15 Ақпан, 2023


📍Көп адам үлкен ортаға тап болған уақытта қысылып, қол-аяғы дірілдеп, өз ойын еркін жеткізе алмай жатады. Мұның себебін әркім өз бетінше тізбектейді.

📍Солардың басым көпшілігіне кішкентай кезінде немесе белгілі бір жаста орын алған келеңсіз жайттар, сәтсіздіктер, адамдардың ойы мен пікірі себеп болып жатады.

Егер сіздің де бойыңызда аталмыш комплекс бар болса, жазбаны оқып болған соң міндетті түрде пайдаға асырыңыз. 

📍1. Өзіңізге деген құрметіңіз жоғары болсын. Ал адам өзін жақсы көруі үшін күнделікті әрі тұрақты түрде айнаға қарап, айнадағы адаммен сырласқаны абзал. Сіздің рухыңызды, көңіл-күйіңізді көтеретін жылы сөздермен құлағыңыздың құрышын қандырыңыз. Таңертең және кешкі уақытта осы әдісті қолданып тұрсаңыз, нәтижеге де тез жетесіз.

📍2. Осындай көпшілік ортада сіз әрдайым қызығып қарайтын 2-3 адамның жақсы қасиеттерін көшіруге тырысыңыз.

Олардың өздерін ұстау тәртібіне, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, мимикасына, өмірлік ұстанымы мен тәжірибесіне зерттеу жүргізіңіз. Осылайша, сіздің болмысыңызға сай келетін әрекеттерін ұрлаңыз.

📍3.Өмірдегі үлкенді-кішілі жетістіктеріңізді еске алып тұрыңыз. Қағазға тізіп жазсаңыз, тіптен керемет. Осы тәртіппен өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырыңыз.  Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз! Сіз жеке тұлғасыз, басқа адамның қолынан келген іс сіздің де қолыңыздан да келеді! Бәріне уақыт пен шыдамдылық, тынымсыз еңбек қажет.

📍Есіңізде болсын, “ұялмаған бұйырмағанды алады”. Сондықтан әркез өзіңіздің жеке ойыңыз бен пікіріңізді айтудан, бөлісуден қымсынбаңыз!

📍Ұялшақтық, қорқу сынды жағымсыз дүниелер тек сіздің ойыңызда қалыптасқан. Егер мықты боламын, биіктерге өрлеймін десеңіз аталған кемшілігіңізбен жұмыс істеңіз!