Апталық жоспарды қалай дұрыс құру керек?

Автор: редактор 11 Қаңтар, 2023


«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, екінші – күш керек, содан соң – тәртіп керек» – деген екен Мұхтар Әуезов. Иә, ойға алған істің орайын келтіру үшін алдымен жоспар құрып, әрекет ету керек. Ал егер ары қарай тәртіппен жүрсеңіз нәтижеге міндетті түрде жетесіз! 

Олай болса назарларыңа апта жоспарын дұрыс құруға арналған үлгіні ұсынамыз! ✅

🟢Арнайы дәптер бастаңыз немесе ми картасы (mind map) қосымшасын пайдаланыңыз. Мұнда жүзеге асуы керек барлық істі жазып шығамыз. Егер арнайы тізім жоқ болса, оны төменде көрсетілген санаттарға яки өмір салалары бойынша бөліп қарастырамыз. Мысалы: 

1-сала: Оқу және жұмыс

2-сала: Денсаулық

3-сала: Отбасы

4-сала: Хобби және тұлғалық даму

Осылайша көрсетілген әр санаттың жанына тапсырмаларды жазасыз. 

🟢Аптаның 3 маңызды тапсырмасын анықтаймыз. 

🟢Алдымен барлық міндетті істі белгі бір күннің тапсырмалар тізіміне қосамыз. Содан соң нақты мерзімі белгіленген істерді сол жаққа, ал мерзімге тәуелді емес шаруаларды оң жаққа жазып шығамыз. 

🟢Өзіңізге жұмыс кестесі түсінікті болу үшін уақытын белгілеп қойыңыз. Мәселен, маңызды істерге кездесулер, дәрігер қабылдауына бару, есеп беру, төлем жасау жатады. 

🟢Ары қарай демалу уақытын жоспарға енгіземіз. Мысалы, сенбі – отбасылық күн болса, ал жексенбі табиғат аясына шығуыңыз мүмкін. 

🟢Егер апта күндерінің кей тапсырмасы әлі де белгісіз болып тұрса, онда қарындашпен жазып қойыңыз. Сонымен қатар әр күнге арналған нақты тапсырмаларды бір күн бұрын кешке жазып отырғаныңыз жөн. 

🟢Тізімдегі жұмыстар кешіктірілмей орындалуы үшін уақытын белгілеңіз. 

🟢Әр тапсырманың жанына А 1, А2, В1, В2 сияқты әріптер мен сандарды қолданамыз. Бұл оның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осылайша маңызды деп белгілеген жұмысты аяқтамай жатып, келесі деңгейдегі тапсырмаға көшпейміз. 

🟢Апта соңында жаңа тізім жасамас бұрын өткен аптаның тапсырмаларын талдап шығыңыз. Нақтырақ айтсақ, белгілеген жоспарыңыздың неше пайызы орындалғанына сараптама жасауыңыз қажет.