Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?

Автор: редактор 23 Ақпан, 2022


#қазынакеңес #үйдежатпа

Қаржылық сауаттылық – бұл қаржы саласындағы сіздің біліміңіз және оны дұрыс басқарау жолдары. Назарыңызға ұсынылып отырған мақалада біз қаржылай тәуелсіз болуға арналған кеңестермен бөлісеміз.

Жаңадан бастаушыларға арналған қаржылық сауаттылық негіздері:

📌 Қаржылық сауаттылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін 5 ереже бар.

1️⃣ Әрқашан тапқан ақшаңыздан, аз жұмсаңыз.

2️⃣ Бағасы қымбаттап кететін заттарды сатып алып қоюға тырысыңыз.

3️⃣ Ал керісінше бағасы төмендейтін заттарды сатып алмаңыз.

4️⃣ Ең алдымен негізгі қажеттіліктеріңізді өтеңіз.

5️⃣ Заттың бағасына ғана мән бермеңіз. Оны күтіп ұстауда ескерілетін шығындарына да назар аударыңыз.

Мысалы, осы ережелердің ішінен бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін алып қарастыруға болады. Өз меншігіңіздегі жылжымайтын мүліксіз отбасын құру, қартайғанда өмір сүру немесе пәтер сатып алу қиындық тудырады. Сондықтан сіз бірінші кезекте тұрғын үй мәселесін ескергеніңіз жөн.

Болашақта қымбаттайтын тұрғын үй сатып алыңыз. Жөндеу жұмыстарын жасау – пәтерді мүмкіндігінше тез және қымбатқа сатуға көмектеседі. Дегенмен егер сіз осы пәтерде ұзақ уақыт өмір сүргіңіз келмесе, дизайнерлік жөндеу жұмыстарын жүргізбеңіз. Себебі сатуға кедергісін келтіреді.

Ал тұрғын үйге, дұрыс білімге, денсаулыққа қатысты негізгі мәселелеріңізді шешіп алған соң, қымбат көлік пен саяхаттауға ақша жұмсауға болады. Көлік сатып алатын уақытта да бағасына ғана емес, оны пайдалану тиімділігін де ескеріңіз. Өйткені көліктің де өзіне тән жол салығы, қымбат автобөлшектері және қызмет көрсету құны бар.

📌 Несие алу дұрыс па?

Несиені 3 жағдайда ғана алуға болады.

1. Тұрғын үй үшін;
2. Өндіріс құралдары үшін;
3. Емдік шаралары үшін.

Несиені автокөлікке, ойын-сауыққа, жұмысқа қажет емес құрал-жабдықтарға, киім-кешектерге алуға болмайды. Несие картасын өте мұқият пайдаланыңыз немесе мүлдем пайдаланбауға кеңес береміз.

📌 Қаржылық сауаттылықты қалай арттыруға болады?

🔺Алдымен кірістер мен шығыстарды жазып шығыңыз. Қандай шығындардан бас тартуға болады және сәйкесінше қанша ақшаны үнемдей алатыныңызды қадағалаңыз. Нақтырақ айтсақ, үлкен шығындармен қатар, шағын шығындарды да есепке алуыңыз қажет.

🔺Кірістер мен шығыстарды жазып отыру үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланыңыз. Мысалы, өте ыңғайлы және функционалды «үй бухгалтериясы» бағдарламасын пайдалануға кеңес береміз. Аталмыш бағдарлама барлық кірістер мен шығыстарды ыңғайлы талдауға көмектеседі.

🔺Жаңадан бастаушыларға арналған қаржылық сауаттылық негіздері ережелерін орындаңыз.

🔺Ақшаны үнемдеуді және оны инвестициялауды үйреніңіз. Банк салымдарынан басқа, сіз облигацияларға, жылжымайтын мүлікке, бизнесіңізге ақша салып, инвестиция жасай аласыз.

🔺Несиелерді мұқият пайдаланыңыз. Қарыздарды тез беруге және өз қаражатыңызбен өмір сүруге тырысыңыз.