📌 Бауыржан Момышұлы — даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
☝🏻Назарларыңызға тілге жүйрік қазақ батырының қанатты сөздерін ұсынамыз.
1️⃣ Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
2️⃣ Сабырлық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
3️⃣ Сын – ерді шыңдайды,
Қорқақты қинайды.
4️⃣ Көп тұрған су сасиды,
Ойламаған ми сасиды.
5️⃣ Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.
6️⃣ Өтірік — ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.
7️⃣ Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.