Дикцияны жақсартуға арналған ТОП-7 жаттығу

Автор: редактор 02 Наурыз, 2023


🟢 Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз. 

Ендеше сөйлеу кезінде маңызды роль атқаратын дикцияға арналған жаттығуларды ұсынамыз.📌

Себебі дикция – сөзді анық әрі дұрыс айтуға, сөз бен тірестерді өзгелерге түсінікті жеткізуге көмектеседі. Слндықтан дикцияның дұрыс болуы барлық адам үшін маңызды.

Жаттығулар:

1️⃣ Жаққа массаж жасау;

2️⃣ Жұдырықты иек астына тіреп 20 жасау;

3️⃣ Қаламды тістеп кітап оқу;

4️⃣ Жақта алға қарай 20 рет жасау;

5️⃣ Жақты оңға, солға жасау;

6️⃣ Тілді үстіңгі тіске тйгізіп 15 рет жасау(иекті қймылдатпай) 5 сек үзіліс жасап тағы 15 рет жасау;

7️⃣ Тілді оң және сол ұртқа тйгізіп,дауыс шығарып 30 рет жасау;