🟩 Фобия — кей жағдайларға байланысты пайда болатын қорқыныш.
Оның төмендегідей түрлері бар:
▪️Соционетфобия — әлеуметтік желідегі парақшаларына тәуелді болып қалудан және парақшаларды бұзып кіретін хаккерлерден қорқатын адамдар.
▪️Ценофобия – бос бөлмеде отыра алмай, өзінен өзі үрейленетіндердің фобиясы.
▪️Номофобия — ұялы телефоны бар адамдардағы қорқыныш. Себебі, байланыс құралына тәуелді болып қалғандар телефонын үйге немесе басқа жерлерге қалдырып кетуден қорқады.
▪️Киберфобия — ғаламторды пайдаланбайтындар үшін жаңа технологияны игеру – қиын әрі қорқынышты көрінеді екен.
▪️Агменофобия – кезек күткенді суқаны сүймейтіндердің қорқынышы.
▪️Акрофобия — биіктіктен қорқу
▪️Арахнофобия — өрмекшілерден қорқу
▪️Атихифобия — сәтсіздіктен қашу
▪️Аутофобия — жалғыздықтан үрейлену
▪️Аэрофобия — ұшудан қорқу
▪️Гамофобия —үйлену деген ойдан туындайтын қорқыныш
▪️Гемофобия— қаннан қорқу
▪️Гидрофобия — судан қорқу
▪️Глоссофобия — сахнадан жасқану
▪️Демофобия — көп адамның ортасынан қашқақтау
▪️Филофобия — ғашық болудан қорқу
Ал сіз неден қорқасыз? 🤔