Фобия түрлері: Сіз неден қорқасыз?

Автор: редактор 22 Ақпан, 2023


🟩 Фобия – кей жағдайларға байланысты пайда болатын қорқыныш. 

Оның төмендегідей түрлері бар:

▪️Соционетфобия – әлеуметтік желідегі парақшаларына тәуелді болып қалудан және парақшаларды бұзып кіретін хаккерлерден қорқатын адамдар. 

▪️Ценофобия – бос бөлмеде отыра алмай, өзінен өзі үрейленетіндердің фобиясы.

▪️Номофобия – ұялы телефоны бар адамдардағы қорқыныш. Себебі, байланыс құралына тәуелді болып қалғандар телефонын үйге немесе басқа жерлерге қалдырып кетуден қорқады.

▪️Киберфобия – ғаламторды пайдаланбайтындар үшін жаңа технологияны игеру – қиын әрі қорқынышты көрінеді екен.

▪️Агменофобия – кезек күткенді суқаны сүймейтіндердің қорқынышы.

▪️Акрофобия — биіктіктен қорқу

▪️Арахнофобия — өрмекшілерден қорқу

▪️Атихифобия — сәтсіздіктен қашу

▪️Аутофобия — жалғыздықтан үрейлену

▪️Аэрофобия — ұшудан қорқу

▪️Гамофобия —үйлену деген ойдан туындайтын қорқыныш

▪️Гемофобия— қаннан қорқу

▪️Гидрофобия — судан қорқу

▪️Глоссофобия — сахнадан жасқану

▪️Демофобия — көп адамның ортасынан қашқақтау

▪️Филофобия — ғашық болудан қорқу

Ал сіз неден қорқасыз? 🤔