Икигай әдісі арқылы қолыңыздан келетін істі қалай анықтауға болады?

Автор: редактор 04 Қаңтар, 2023


🟢 Міне, жаңа жылдың алғашқы күндері басталып та кетті. Осы тұста, біраз адам өзіне есеп беріп, өткеніне көз жүгіртіп, болашағына жоспар құрады. 

Себебі кез келген адам жаңа қадамдар жасап, өміріне өзгеріс енгізгісі келеді. Сондықтан бірі өзінің сүйікті ісін тауып, нақты сол жолда тұлға болып қалыптасуды көздейді 

📌 Қазіргі уақытта қолыңнан келетін істі анықтау қиын емес. Нақтырақ айтсақ, мықты және әлсіз тұсыңды арнайы икигай құралы арқылы білуіңе болады. Бұл танымал жапондық әдістердің бірі. 

✔️ Икигай сөзі – “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. тұлғаның ішкі өздік болмысын әйгілеп, соған адал түрде іс жасап, кәсіп таңдауын көрсетеді. Әр адам өз ішкі өздік болмысына сай келетін өмір сүріп, өзі қызығатын іспен/кәсіппен шұғылданғанда, оған өте жайлы сана күйі қалыптасып, бәрі жеңіл әр жағымды болады. Өзі ұнатқан іс болғандықтан адамда шаршау, жалығу, агрессия, стресс секілді жағымсыз сезімдер сирек болады. 

Икигай төрт ережеден тұрады. Олар: 

1.Жаның қалайтын іс

2.Қолыңнан келетін іс

3.Ақша әкелетін іс

4.Қоғамға пайдалы іс

🗒 Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың. 

Құндылықтар жүйең бейне сенің өміріңнің көкжиегі, ол арқылы сен көз алдағы нәрселердің шектемесінен шығып, алысқа, ұзақ болашаққа беттей аласың, «мен кіммін және кім болуға тиіспін» дегенді анықтай аласың. Ал қалайтын ісің және сен тамаша орындайтын ісің сенің сол құндылықтарды іске асыратын ұрымтал мүмкіндіктерің есептеледі. Ал, өмір мақсатының болмауы, не жоғалуы, ісіңнің көңілің мен қалауыңа сай келмеуі өміріңнің өзіңе жағымсыз болуын туғызатын басты себеп есептеледі.

📌 Статистикалық бақылаулар бойынша, икигаи адамның стрессін төмендетеді, жалпы ағызаның саулығы мен сергектегін сезінуге мүмкіндік береді. Икигаиды сезбеген адамдарда жүрек-қантамыр аурулары көбірек байқалады екен.