Көпшіліктің назарын өзіңізге қалай аударуға болады?

Автор: редактор 12 декабря, 2022


🟩 Көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлейтін адамның мақсаты — тыңдарманға пайдалы болу және оларды өзінің сөзіне сендіру болу керек. Ал қазір көбі «жазып алып шыққан сөзімді ұмытпасам болды» деген пікірде. Олай болса, бүгін тыңдарманның назарын өзіңізге қалай аударуға болатыны туралы айтамыз. 

🔈Баяулау. 

Адам тез сөйлеген кезде ойы шашыраңқы болады. Ал шашыраңқы ой тыңдаушыға жүйесіз жетеді. Сол себепті ойыңызды баяу жеткізгеніңіз ұтымды әдіс болмақ. Сөзіңіз баяулаған сайын өзіңізге одан әрі не айтатыныңыз анық көріне бастайды. 

🔊Қағаздан қарамау. 

Көпшіліктің алдында сөйлейтін сөзіңізді басынан аяғына дейін дайындап алып-шығып, тыңдаушыға қағаздан мәтін оқып бермеңіз. Бұл жалықтырады. Қағаз алып шығуға болады. Алайда ол жерде айтатын мәтініңізді емес, неден кейін не айтатыныңыз жазылған кішігірім нұсқаулық жазылуы керек. Сенімділік үшін…

🔈Кідіріс жасау. 

Адамдардың көбі сөйлеп жатқанда «ііііі», «эээээ», «ммммм» деп кідіріп қалады. Сәйкесінше тыңдаушыға бұл кері әсерін тигізеді. Бұл — ойды жүйелей алмаудың белгісі. Сол себепті «ііііі» деген кідірістерді іштей айтып, сырттай үндемей қалған дұрыс. Үндемей қалған кезіңізде ойыңызды жинақтап алуға мүмкіндік туады. Ал тыңдарман сіз не айтады екен деп күтеді.

🔉Әңгімеге қимыл қосу. 

Айтатын ойыңызды бір орында тұрып қана жеткізбеңіз. Қимылдаған сайын тыңдаушының назарын өзіңізге аударатын боласыз. Айтып жатқан әңгімеңізге қимылыңыз сай келгенде көпшілікті баурап алатыныңыз анық.

🔊 Дауыс ырғағын өзгерту. 

Тыңдарманды жалықтырып алмау үшін бұл әдісті міндетті түрде қолдануыңыз керек. Өйткені бір ырғақта айтылған әңгіменің әсерлі болмайтыны белгілі. Дауыс ырғағын өзгерткеннен бөлек мимика, жестикуляция арқылы жеткізген әрбір ойыңыз өтімді болады. 

Ақпарат пайдалы болды ма? 😍