#Үйдежатпа ұжымынан сізге 5 кеңес😉
⠀
🟩 ККС әдісі. ККС – Көз жүгірту – Кідіріс жасау – Сөйлеу.
⠀
Яғни, көпшіліктің алдына шыққаннан кейін бірден сөзді бастамау керек.
⠀
Бірінші, аудиторияға өзіңіздің сахнада тұрғаныңызды білдіріңіз. Бір минут аралығында адамдарға көз жүгіртіп, осы кезде ойыңызды жинақтап үлгеріңіз.
⠀
🟩 Сөйлеу барысында адамдардың назарын өзіңізге аударту үшін оларға сұрақ қойып, тақырып аясындағы пікірлерін біліңіз!
⠀
🟩 Кез келген келіссөз бен мәміледе оң нәтижеге қол жеткізу үшін қос тарап үшін ұтымды болатын шешім қабылдау.
⠀
Яғни, әрқашан өзгелер үшін пайдалы контент ұсыну. Сонымен бірге жаныңыздағы адамның өзіндік болмысын анықтайтын жеке қасиеттерін анықтап, әрдайым оның есіне салып отырыңыз!
⠀
🟩 Адамдарға сын айтудан сақтаныңыз! Олардың пікірі сіздің ойыңызбен сәйкес келмеген жағдайда да жаныңыздағыларға сыйластық танытыңыз!
⠀
🟩 Кез келген адамға түсіністік танытып, соның жағдайына түсу (эмпатия).
⠀
Мәселен, келеңсіздік туындаған жағдайда жауапты адамды әңгіме тартып, болған оқиғаны сүзгіден өткізу. Соңынан шешім қабылдау. Осылайша сіз оң нәтижеге қол жеткізесіз.