Кітап оқуға деген құштарлықты арттырудың ТОП-5 жолы

Автор: редактор 02 февраля, 2023


Назарларыңа 5 кеңесті ұсынамыз✅ 

1️⃣ Миыңды артық ойлардан тазарт. Кітап оқуға кіріспес бұрын таза ауада 15 минут серуендеп қайт. Бірақ бұл уақытта телефон ұстамауға тырыс. 

2️⃣ Кітап оқу барысында алдыңғы жазбада ұсынған “Помидор” әдісін қолдануыңа болады. Яғни, 25 минут сабақ оқып, 5 минут демаласың. Ескерте кететін бір жайт, 25 минут ішінде тек кітапқа зейін қоясың. Телефон ұстап, адамдармен сөйлесуге болмайды. 

3️⃣ Кітап оқуға арналған ыңғайлы орынды таңда. Мысалы, төсек үстінде кітап оқу денсаулыққа зиян екенін жақсы білесің. Сондықтан ойың бөлінбейтін жерде оқуға тырыс. 

4️⃣ Кітап оқуға кіріспес бұрын қажетті заттарды дайындап қой. Себебі қаламсап пен қарындашты іздеуге уақыт жоғалтасың әрі ойың бөлінеді. 

5️⃣ Алдыңда міндетті түрде су тұрсын. Сонымен қатар үстел үстіне тіскебасар жеміс-жидектер мен кептірілген қытырлақтарды әкеліп қой.