Критикалық ойлай алатын адамның 8 ерекшелігі

Автор: редактор 20 февраля, 2023


⠀

📌 Критикалық ойлау – кез келген жаңа ақпараттың артықшылығы мен кемшілігін ажыратып, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып, өз бетінше тұжырым жасап, шешім қабылдау. 

📌 Грек тілінен аударғанда «kritikos» — «сын», «бағалау», «тексеру» деген мағынаны білдіреді. Сократтың пікірінше, жақсы өмір сүру үшін әрі өмірдің мәні мен құны болуы үшін тұлға сыни сұрақ қоя біліп, өзі үшін «ізденуші жан» болуы керек.

⠀

1⃣ Сыни ойлай алатын адам түрлі саланың мамандарымен тиімді қарым-қатынас орната алады.

⠀

2⃣ Ойлаудың бұл формуласы сонымен қатар адамның өзін дұрыс басқаруына, дұрыс тәрбиелеуіне, өзінің жүріс-тұрысын бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.

⠀

3⃣ Сенімдері мен әрекеттеріне жетекшелік ететін стандартты және стандартты емес шешімдерді қабылдай алады.

⠀

4⃣ Ойы жинақы болады.

⠀

5⃣ Логикалық түйіндерді жылдам шешетін болады.

⠀

6⃣ Сыни ойлау адамды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақты ойлауға баулиды.

⠀

7⃣ Сыни ойлай алатын адам басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салыстырады.

⠀

8⃣ Кез келген мәселеге ауқымды түрде қарай алады.

Ал сіз критикалық ойлай аласыз ба?