Мұхтар Шаханов: Жағымпаздық – бұл заманда басты өнер

Автор: редактор 27 Ақпан, 2023


Мұхтар Шаханов — қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.

Қыпшақ тайпасы торы руы Көкмұрын бөлімінен шыққан.

* 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген.

* «Оңтүстік Қазақстан»

* «Лениншіл жас» газеттерінде жұмыс істеді. 

* республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) қызметте болды. 

* 1976 жылдан Қазақстан КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.

* «Жалын» альманахының бас редакторы қызметін атқарды. 

* “Жалын” журналының бас редакторы болды. 

📌 Нақыл сөздері: 

1️⃣ Амалың не, тасты соқпақ кештің бе?!

Амалың не, жанбай жатып өштің бе?!

Тек басыңды жоғары ұста өлсеңде,

Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге!

2️⃣ Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,

Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.

Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,

Арын сатқан жағымпазды ескерер.

3️⃣ Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,

Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.

Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның,

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

4️⃣ Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.

5️⃣ Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,

Сатқындық та бұғып жүрмек қасында