Маған ештеңе оңайлықпен келген жоқ: Димаштың жұлдызды жолы қалай бастау алды?

Автор: редактор 16 Қаңтар, 2023


🟩 Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген – қазақтың жас әрі талантты әншісі, композитор және мультиминструменталист. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың танымал болуы Қытайда өткен ««I AM SINGER-2017» телевизиялық шоуынан бастау алды. Бұл байқау 2017 жылы 21 қаңтардан 22 сәуірге дейін Қытайдың «Хунан ТВ» телеарнасынан апта сайын көрсетілді. 

Жарыста ол финалға жетіп, екінші орынды қанжығасына байлады. Димаш 1, 2 және 6 турда  «SOS d’ un terrien en détresse», «Опера 2» және «Адажио» әндерін шырқап, бірінші орынға ие болады. Сөйтіп ол қысқа мерзім ішінде миллиондаған жанкүйер жинап, Азия аймағының көрермендеріне танымал болды. Жас әншінің дауысы Қытай жұртшылығын бағындырды.

Оның «Естеліктер шайқасы» кинофильмінде орындаған «Eternal Memories» (қазақша: «Мәңгілік естеліктер») әні QQ iTunes байқауында бірінші орынды жеңіп алды. 2017 жылы Димаш Қытайда, Қазақстан мен Францияда көптеген телевизиялық шоу мен ашық іс-шараларда өнер көрсетті. 2017 жылдың 27 маусымында Астана қаласында ЭКСПО-2017 аясында Димаш Құдайбергеннің «Bastau»атты алғаш ірі көлемдегі жеке концерті өтті. 2017 жылы ол бірнеше музыкалық марапатқа ие болды, соның ішінде Қытайда «Үздік азиялық әнші» атағын, Tencent MTV Asia музыкалық гала-концертінде «Ең танымал шетелдік әнші» атағын иеленді.

🎶 Әндері

🎙️ “Славян базары-2015”

Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар “Славян базары-2015” байқауында Гран-приді жеңіп алған.

Димаш Құдайбергенов – » Дайдидау»

Бірінші күні ол «Даудида» әнін орындап, 89 ұпай жинайды. Ал екінші күні Константин Меладзе композиторінің “Опять метель” әнін орындап, 86 ұпай жинады, үшінші турда Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған “Sos dun terien un detresse” әнін орындады.

Қорытынды бойынша ол 180 ұпайдың 175-ін жинап, «Славян базарында» – Гран-приді жеңіп алды. Сонымен қатар, ол ерекше дауысы үшін 20 000 $  ақшалай сыйақы алды. Сөйтіп Димаш ең күрделі ноталарды жоғары деңгейде орындағаны үшін «Қазақстандық Витас» деген лақап атқа ие болды. Осы байқаудан кейін Димаштың жеке парақшасына жазылушылар саны миллионнан асты.

🎙️Димаш Құдайбергенов – » Sos dun terrien en detresse»

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

2016 жылы жас әнші Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік стипендиясына ие болды.

Димаш әндерді орыс, испан, ағылшын, француз және басқа тілдерде орындайды. «Славян базары-2016» ашылуында әнші «Беловежская пуща»әнін орындады. Бұл әннің сахнасын қазақстандық әнші және актриса Нағима Есқалиевамен құрады.

🎙️«I AM SINGER» байқауы

Димаш Құдайберген Қытайдың 14 кезеңінен тұратын «I AM SINGER» («Мен әншімін») телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күні қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанады. Қытайдың танымал әрі кәсіби әншілері қатысқан «Мен әншімін» байқауында Димаш – ең жас қатысушы болды. Өзге әншілердің жас шамалары 30-60 жас аралығында. Сонымен қатар байқауда бірнеше тілде ән орындаған жалғыз әншілердің бірі. Димаш орындаған француздың «S.O.S. d’un terrien en détresse» әнін әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам қараған. Екінші күні Витастың «Опера-2» әнімен I орынға шығады, ал үшінші кезеңде ағылшын тіліндегі «The Show Must Go On» әнімен III орын және төртінші кезеңде де қытай әнін орындап  III орынға түссе, бесінші кезеңде V орынды иеленді. Ал алтыншы кезеңде Лара Фабианның эталонына айналған «Адажио» әнін итальянша орындап, тағы да I орынды алды

📌 Димаштан мотивация 

☝🏻Ойламаған жерден, күллі әлемнен адамдар хабарласып жатқан кезде өзім де таң қалдым. Көрермендердің қошеметіне бөлендім. Әрине, көпшіліктің көңілінен шығып, ықыласына бөлену үшін бала кезімнен бері еңбектендім. Осылай болатынынан үміттеніп жүрдім.

☝🏻Мен бір бағытпен шектеліп қалғым келмейді. Сондықтан алдағы 10 жылдықта дәл бүгінгі Димаш болмауым керек. Мен жыл сайын өзімнің біліктілігімді жетілдіру мақсатында көп еңбектенемін. Музыкалық білім алып жүргеніме 20 жылдан асты.