Месси: Егер Роналду болмаса, мен оны озуға тырыспас едім

Автор: редактор 16 Ақпан, 2023


📌Лионель Андрес Месси – аргентиналық футболшы, “Пари Сен-Жермен” клубы мен Аргентина Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. 

📍2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен «Барселона» клубы тарихындағы ең үздік мерген. 

📍Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келді. Сегіз жасында «Ньюэлз олд Бойз» клубының академиясына қабылданды. 1998 жылы «Барселона» скауттарының көзі түсті де, әкесімен сөйлескен акционерлердің бірі оны клубқа қабылдауға көндіреді, нәтижесінде Месси отбасымен Барселонаға көшіп келеді. Осылайша 13 жасынан бастап «Барселона» футболшысы атанды.

Нақыл сөздері: 

📍Мен Барселонада 12 жасымнан бері тұрамын, бірақ көптеген аргентиналықтар сияқты аргентиналық болуды тоқтатқан жоқпын.

🔍 Мен әр матчты финал сияқты көріп, бірдей ойнаймын.

🔍 Әке болу – айналаға жаңа көзқараспен қарауды үйрену деген сөз. Кеше сіз үшін миллиондар маңызды іс болса, ал бүгін ұлыңыз маңызды болды. 

🔍 Менің ойымша, Роналду керемет футболшы және оған деген қызғаныш жоқ. Егер Роналду жоқ болса, мен оны озуға тырыспас едім. Яғни, мен бір орында тұрар едім.

🔍 Өмірде жеңіс пен жеңілістен гөрі маңызды нәрселер бар.

🔍 Мені әлемдегі ең жақсы футболшы болудан гөрі жақсы адам болу қызықтырады. Мұның бәрі аяқталған кезде сіз немен қаласыз?

🔍 Жыл сайын мен ойын деңгейімді жақсартқым келеді. Бұл Мессимен жарыс емес, бұл өзіммен жарыс.